Непалда CRJ 200 ұшағы апатқа ұшырап, тек борт командирі тірі қалды
Техникалық жөндеуге апара жатқанда опат болды. Непалда CRJ 200 ұшағы апатқа ұшырап, соңғы мәлімет бойынша 18 адам ажал құшқан. Тек борт командирі тірі қалып, қазір ол ауыр халде ауруханада жатыр.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
24.07.2024
Әуе кемесінің құлаған сәтін видео кадрлардан көруге болады. Астана уақытымен таңғы сағат 11 шамасында ұшу-қону жолағынан көкке көтеріле берген сәтте, бір қырына қарай қисайып , төмен құлдилай түседі. Оң жақ қанаты жерге соғылып, бірден өртеніп кеткен. Қас-қағым сәтте будақтаған қара түтін Катманду аспанын торлап тастады.
Құтқарушылар қиранды астанын 18 адамның денесін тапқан. Ал тірі қалған жалғыз 37 жастағы ұшақ капитаны дереу ауруханаға жеткізілді. Бірақ оның қандай жарақат алғаны, қазіргі халі белгісіз. Күл-талқаны шығып өртеніп кеткен әуе кемесі Непал астанасынан Покхараға қарай ұшпақ болыпты. Ішінде отырған 19 адамның екеуі экипаж мүшесі мен 17-сі әуекомпанияның техникалық қызметкері. Олар ұшақты жаңа әуежайға жөндеуден өткізуге апармақ болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!