Оқушы қыздарға: ДСМ папиллома вирусына қарсы қандай вакцина қолданады
Денсаулық сақтау министрлігі оқушы қыздарға папиллома вирусына қарсы қандай вакцина қолданылатынын атады. Жауапты ведомство өкілдері америкалық препараттың мүлдем зиянсыз екенін әрі жақын арада Қазақстанға жеткізілетінін хабарлады.
Автор: Мерей Қалиасқар
25.07.2024
Мәдина Орысбаева, ҚР ДСМ вакцинамен басқарылатын инфекцияны бақылау басқармасының бас сарапшысы:
— Папиллома вирусына қарсы вакцинациялауға америкалық «Мерк Шарп пен Доум», компаниясы шығарған төрт валентті «Гардасил» вакцинасын қолданамыз. Бұл вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ресми сертификатталған.
Денсаулық сақтау министрлігі таңдаудың дәл осы вакцинаға түскенін оның қауіпсіздігі мен тиімділігіне байланысты деп түсіндірді. Препараттың басты ерекшілігі — әйелдерде жатырдың қатерлі ісігін тудыратын қауіпті вирустың төрт түрінен қорғайды. Бұған жан-жақты жүргізілген зерттеулер дәлел.
Бір айта кетерлігі, папиллома вирусына қарсы иммундау нәтижесінде ешбір асқыну байқалмайды. Десе де вакцинацияға үзілді-кесілді қарсы ата-аналар қызына екпеден бас тартуға толық құқылы.
Жалпы иммундау процесі қыркүйек айында басталады. Препарат Қазақстанға тамыз айында жеткізіліп, бірден аймақтарға таратылады. Он бір жастағы қыздарға екпе салу мектептің медициналық кабинетінде жоспарланып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!