{metadescription}
Аргентина құрамасы Мароккоға қарсы ФИФА-ға шағым түсірді
Аргентина құрамасы Мароккоға қарсы ФИФА-ға шағым түсірді

Аргентина құрамасы Мароккоға қарсы ФИФА-ға шағым түсірді

Париждегі Олимпиада ресми басталмай жатып жанжал шықты. Аргентина құрамасы футболдағы жеңілісінен кейін Мароккоға қарсы ФИФА-ға шағым түсірген.

Соңы үлкен даумен аяқталған ойын. Есепті Марокко құрамасы бірінші тайм аяқталмай жатып ашты. Екінші голын 51-ші минутта пенальтимен соғады. Аргентина құрамасы да қалыспай, 68 минутта есепті қысқартып, қосымша уақытта теңестірген. Бірақ төреші ереженің бұзылғанын байқап, арнайы жүйемен тексеруге көшеді. Осыдан кейін жанкүйерлер көтеріле кеткен. Тәртіпсіздіктерден кейін матч тіптен тоқтатылды. Араға екі сағат салып жалғасқан ойында аргентиналықтардың тағы бір голы саналмады. ФИФА-ға жазылған арызға да осы түрткі болды.

Олимпиаданың ашылу салтанаты ертең болады. Ал бүгін футболмен қатар садақ атудан да жарыстар өтіп жатыр. Онда біздің спортшыларымыз бақ сынауда. Қорытындысы бүгін түнде шығады.

Төрт жылда бір өтетін әлем додасына биыл 200-ден аса мемлекет қатысады. Қазақстан құрамасы спорттың 25 түрінен 92 жолдама жеңіп алған болатын. Ел намысын 80 спортшымыз қорғайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.