{metadescription}
V дүниежүзілік көшпенділер ойындары үш бағытта өткізіледі
V дүниежүзілік көшпенділер ойындары үш бағытта өткізіледі

V дүниежүзілік көшпенділер ойындары үш бағытта өткізіледі

Түркі әлемінің назарын аударған V дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 45 күн қалды. 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтетін жауапты шараға дайындық 80 пайызға орындалған. Спорт нысандарs мен алаңдар құрылысы қыркүйектің басына дейін толық аяқталады деп жоспарланған.

Дүбірлі додаға 89 елден екі мыңға жуық спортшы қатысып, спорттың 21 түрінен өзара бақ сынайды. Он жыл тарихы бар көшпенділер ойындарында бұл жолы 97 медаль сарапқа салынады. Жалпы ойындар үш бағытта спорт, ғылым бойынша өткізілмек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, спорт сайыстарынан бөлек, бірсыпыра мәдени бағдарламалар да әзірленіп жатыр. Мәселен, Қазанат ипподромы маңындағы 10 гектар аумақта «Көшпенділер ғаламы» атты этноауыл ашылады. Онда 60 киіз үй тігіліп, көрме, жәрмеңке, айтыс, кинофестиваль, cән көрсетілімі, театрландырылған қойылым мен ұлттық тағам фестивалі өтеді. Сондай-ақ ұлттық спорт түрлерінің қалыптасу тарихы мен идеологиясын қамтитын ғылым бағытына көңіл бөлінуде.

Абылай Қондыбай, V Дүниежүзі көшпенділер ойындарын өткізу және дайындау дирекциясы басшысының орынбасары:

Ғылым бағытында халықаралық конференция өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Көшпенділер ойындары және Ұлттық ойындар бойынша ережелерді бекіту, жаттықтырушыларды, спортшыларды дайындау. Көшпенділердің тарихы маңызды бағыт. Көшпенділердің тамақтануы мен қазіргі кездегі тамақтануда ғалымдардың пікірлерін естиміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде