{metadescription}
Қапышевтар әулеті Түрксіб темір жолы салынғалы жұртының құрметіне бөленіп келеді
Қапышевтар әулеті Түрксіб темір жолы салынғалы жұртының құрметіне бөленіп келеді

Қапышевтар әулеті Түрксіб темір жолы салынғалы жұртының құрметіне бөленіп келеді

Тіршілігі темір жолмен біте қайнасқан. Түрксіб салынғалы осы салада еңбек еткен Қапышевтар әулеті халықтың құрметіне бөленіп келеді. Шаңырақтың үшінші буыны бүгінде теміржолда еңбек етіп жүр. Қапышевтар әулетінің 26 мүшесі ата-бабасынан қалған кәсіпті жалғастырып келеді. Барлығының еңбек өтілін қосқанда — 800 жыл. Темірдей тәртіпке мойынсұнып, құрыш білекпен қиындықты еңсерген отбасы туралы айтсақ.

Мұрат Қапышев теміржолда 45 жыл тер төккен. Қарияның еңбек жолын бүгінде өзінен тараған балалары абыроймен жалғастырып келеді. Атадан балаға үзілмей келе жатқан кәсіптің нағыз майталмандары бір әулетке жиналған. Немереден шөбере сүйіп отырған ақсақал еңбек жолын алғаш Жетісу облысындағы Матай станциясынан бастаған екен. Зейнеткер машинистің әкесі Садан қария да 1932 жылы Аягөз бекетінде жұмыс істепті.

Мұрат Қапышев, ардагер теміржолшы:

Бала күнімізден әкеміздің жұмысына еліктеп, қызығып, біз де осындай теміржолшы болсақ, бізде осындай қызмет істесек деп армандайтынбыз. Сол оқу бітіргеннен кейін Алматы теміржол техникумына келіп түсіп, сол оқуды бітіріп,содан сол өзіміздің туған өлкеміз Матай станциясына барып, сол жерде жұмысқа тұрдық. Ол жерде 2002 жылға дейін жұмыс істедік. 2002 жылы Алматы қаласына ауысып келіп, ары қарай жұмысымызды жалғастырдық. Үш баламыз бар, үшеуі де осы теміржол саласында істейді. Олардың өз қалаулары. Өздері осы саланы, осы мамандықты ұнатып, өз қалауымен келіп отыр.

Қапышевтар әулетінің келіндерінің де тағдыры теміржолмен жалғасқан. Оған дәлел Мензипа апамыз бен оның келіні Айгүл. Оның теміржолшылар дәрігері болғанына биыл 45 жыл толды.

Мензипа Төлеуова, ардагер теміржолшы: 

Матайда теміржол саласында істеп, сол теміржолдың нысандарын қадағалап, сонда жұмыс істедім.17-18 нысан, 16 разъезд болды. Соның бәріне жалғыз өзім істедім. Өйткені Матайдың халқы аз болды да, дәрігердің онда керегі болмады.Содан кейін сондай жұмысқа қабылдады.

Мұрат ақсақалдың ұлы мен екі қызы да атадан қалған кәсіпті жалғастырған. Әйгерім Қапышева 17 жылдан бері жолаушылар тасымалының білікті технигі. Ол оңтүстіктегі жолаушылар қозғалысын реттейді.

Әйгерім Қапышева, «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Оңтүстік» филиалы ОДБ бөлімінің технигі:

Теміржол саласы күндіз жұмыс істеп, түнде үйге қайтып кететін сала емес қой. 24 сағат қозғалыспен жұмыс істейсің. Түнде де, күндіз де. Түнде де жұмысқа шақырып алатын жағдайлар болады. Өте күрделі сала. Шыдамдылықты, тәртіпті қажет етеді. Бұл салада тәртіп болу керек. Бізде бәрі кестемен,бәрі уақытымен.

Ал ұлы Біржанның бұл салада жүргеніне 20 жылға жуықтапты. Оның да қызметі оңай емес. Пойыздардың  қауіпсіздігіне жауап беретін жігіт  «кішкентайымнан әкеме еліктеп өстім», дейді.

Біржан Қапышев, Алматы -2 теміржол бекеті қауіпсіздік бөлімінің бас маманы:

Иә, бала кезгі арманым, теміржол саласында өсіп келемін. Бала кезден теміржолды көріп келемін. Ағаларым, атам, әкем, қарындасым   теміржол саласында.  Ағаларымның жолын қуып, теміржол саласына оқып, оқуымды бітіріп, теміржол саласында жұмыс істеп келемін.

Бүгінде Мұрат ақсақал жұбайымен жеті немере, одан тараған шөбере тәрбиелеп отыр. Берекесі тасыған бұл әулетте әлі де талай теміржолшы өсіп шығатынына сөз жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.