{metadescription}
Үкімет басшысы Семейде жылу жүйелерін жылдам жөндеуді тапсырды
Үкімет басшысы Семейде жылу жүйелерін жылдам жөндеуді тапсырды

Үкімет басшысы Семейде жылу жүйелерін жылдам жөндеуді тапсырды

Семейде жылу жүйесінің 64 пайызы тозып кеткен. Бүгін осы өңірге барған Үкімет басшысы Олжас Бектенов, атқамінерлерге жылу жүйелерін дереу қалыпқа келтіруді тапсырды. Себебі, шаһардағы үлкен жылу қазандығы қазір қызыл аймақта тұр.

Семей инфрақұрлымы тозған шаһарлар қатарында. Тіпті 70 мыңнан астам абонентті жылумен қамтып отырған ең үлкен жылу қазандығының өзі қауіпті аймақта тұр. Сондықтан жергілікті атқамінерлерге бірінші жылу-энерго орталығын жаңғыртуды қарқынды жүргізбесе, жұрт қыста қиналып қалуы мүмкін екенін ескертті. Ал шаһардың энергетикалық инфрақұрлымын жаңғыртуға шамамен 11 млрд теңге бөлінген екен.

Үкімет басшысы Абай облысына іс-сапарында алапат өрт жалмаған қарағайлы орманды да әуеден барлап көрді . Өртенген 66 мың гектарға жуық алқапта жанған ағаштыы тазарту әлі жүргізіліп жатыр. Ал Олжас Бектенов орманшыларға бас пайдасы үшін қылқан жапырақтарды заңсыз отайтындармен күресті күшейтуді жүктеді.

Олжас Бектенов, ҚР премьер- министрі:

 Сіздер менен жақсы білесіздер, ағашты заңсыз отайтын қылмыстық топтарды. Олармен күресті күшейтіңіздер. Орманды алқап біздің табиғат берген мақтанышымыз. Орман қорын күтіп, қарап, оны ұлғайтуымыз қажет. Сондықтан қатаң қадағалаңыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде