«Сегіз жылда болмаған». Әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасы алғаш рет арзандады
Сегіз жылда болмаған жағдай. Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы 2016 жылдан бері алғаш рет төмендегенін хабарлады.
Автор: Шапағат Мырзабекова
26.07.2024
Жалпы елде ішкі тауар айналымы 27,6 триллион теңгеге жеткен. Мамандардың айтуынша, бағаның маусымдық құбылуын болдырмау үшін 160 мың тоннадан астам көкөніс жеткізілген. Оған қоса Жұмыртқа өндірушілер одағымен жыл соңына дейін бағаны өсірмеу туралы келісім жасалған. Қант экспортына уақытша тыйым салынды. Ал күнбағыс сияқты өсімдік майын өндіретін дақылдардың экспортына кедендік баж салығы енгізілген.
Қазір Үкімет тауарлардың бағасын жіті қадағалап, 58 тауар позициясынан тұратын азық-түлік себетін кеңейтуді жоспарлап отыр. Қазақстанда жыл басынан бері негізгі азық-түліктің бағасын көтермелеп сату дерегі бойынша 2 357 әкімшілік іс қозғалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!