{metadescription}
Олимпиада: Ертең отандастарымыз спорттың 13 түрінен бәсекеге түседі
Олимпиада: Ертең отандастарымыз спорттың 13 түрінен бәсекеге түседі

Олимпиада: Ертең отандастарымыз спорттың 13 түрінен бәсекеге түседі

Париж олимпиадасының ашылу салтанатына санаулы сағат қалды. Олимпиада бүгін Астана уақытымен түнгі он жарымда басталмақ. Бес құрлықтың мықтысын анықтайтын жарыстың алауы жанбай жатып-ақ сайыстар басталып кеткен. Күні кеше мергендеріміз садақ атудан бақ сынады. Ертең отандастарымыз спорттың 13 түрінен бәсекеге түседі. Сын сағатта ұлттық құраманы қолдауға сонау Францияның астанасына велосипедпен барған жанкүйерлер де бар.

Қазақстаннан сонау Францияға көлік, пойыз, ұшақпен емес, велосипедпен келген 64 жастағы Рәббім ақсақалды елшілік қошеметпен қарсы алды. Төрт жылда бір өтетін Жазғы олимпиада ойындарын өз көзімен көру үшін жұбайы екеуі 5 мың шақырымды еңсеріпті.

Рәббім Борашев:

Олимпиадаға қатысушыларды қолдау үшін мен Маңғыстаудың Ақтау қаласынан жолға шықтым. Екі ай бұрын дайындалдым. Жол қиындығы болады. Визаға байланысты біздің бағытта кейбір өзгеріс болды. Бірақ, соның өзінде біз қазір Парижге жету үшін сегіз елді басып өттік.

Артылған үмітті ақтау үшін 80 спортшымыз қазір қызу дайындық үстінде. Ертең спорттың 13 түрінен бәсекеге түседі. Соның ішінде отандастарымыз тағатсыздана күтетін шаршы алаңдағы жекпе-жек те бар. Боксшыларымыздың алғашқы қарсыластары бүгін анықталды.

Мырзағали Айтжанов, ҚР бокстан ұлттық құрамасының бас бапкері:

Бұл Олимпиада бұрынғыға қарағанда мықты болады. Неге десек, жаңа есімдер шығады. Әрбір екі Олимпиададан кейін көп елде боксшылар алмасып тұрады. Сол себептен, жаңа есімге толы олимпиада болайын деп тұр.

Расымен де, ертеңнен бастап 200 мемлекеттің 10мыңнан астам спортшысы Франция төрінде өзара мықтыларды анықтайды. Олар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Айта кетейік, әлемдік дода бүгін түнгі он жарымда басталып, 16 күнге жалғасады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.