{metadescription}
Қарағанды облысында қылмыстық топ зауыт өнімдері мен түсті металды тонаған
Қарағанды облысында қылмыстық топ зауыт өнімдері мен түсті металды тонаған

Қарағанды облысында қылмыстық топ зауыт өнімдері мен түсті металды тонаған

Қарағанды облысында өнеркәсіп компаниялардың өнімін тонап келген қылмыстық топ ұсталды. 20 адамнан тұратын күдіктілер жергілікті зауыттан шыққан өнімдер мен түсті металды ұрлап келген.

Оңай олжаға кенелгендер арасында «Қазақмыстың» қауіпсіздік қызмет басшылары да бар. Оларды ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қарағанды облысы прокуратурасының көмегімен қолға түсірді. Ұйымдасқан қылмыстық топтың қанша тауар ұрлағаны әзірге белгісіз. Шығын көлемі сотқа дейінгі тергеуден кейін жарияланады.

Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:

Қарағанды облысының полиция департаментіне 20-дан астам күдікті жеткізілді. Тінткен кезде атыс және травматика қаруы, автокөлік, қаражат және қылмыстық іс бойынша басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.