Каспийде он жасар бала үрмелі баллонмен 250 метрге ұзап кеткен
Он жасар бала ашық теңізге ағып кете жаздады. Каспийде баллонмен шомылып жүрген бала жағадан 250 метрге ұзап кетіпті.
Автор: Шапағат Мырзабекова
26.07.2024
Абырой болғанда, баланы құтқарушылар байқап қалған. Ол 250 метр қашықтықта үрмелі шеңбердің үстінде отырған. Төтенше жағдайлар қызметкерлері баланы қайықпен жағаға жеткізді. Жасөспірім дін аман. Медициналық көмек қажет болмапты.
Айта кетейік, елімізде шомылу маусымы басталғалы бері 93 адам суға кеткен, оның 35-і — балалар. ТЖД жедел құтқару жасағы балаларды өзен-көлдің жағасында қараусыз қалдырмауды ескертеді.
Альберт Омаров, Маңғыстау облысы ТЖД жедел құтқару жасағының кезекші-диспетчер тобының бас құтқарушысы:
— Баланың күйі жақсы. Кішкене шошынған. Ата-анасына тапсырылды. Ешқандай медициналық алғашқы көмек қажет болған жоқ. Ақтау тұрғындары мен қонақтары ғ теңіз жағасында балаларыңызды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Қаншама үгіт-насихат жүргізіліп жатыр. Соған қарамастан, қауіпті аймақта ,суға түспейтін жерлерде балалар суға түсіп жүр. Тыңдамайды. Соңғы уақытта «102» және біздің қызметкерлермен бірге шара қолданылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!