{metadescription}
«Ұшақ сынған». Астанада 387 жолаушы Вьетнамға жете алмай жүр
«Ұшақ сынған». Астанада 387 жолаушы Вьетнамға жете алмай жүр

«Ұшақ сынған». Астанада 387 жолаушы Вьетнамға жете алмай жүр

Вьетнамға апарар жол. Астанада 387 жолаушы оңтүстік-шығыс Азиядағы осы елге жете алмай сандалып жүр. Астана - Камрань бағытындағы рейс кеше ұшуы керек еді. Бірақ кейінге қалдырылған. Бұған вьетнамдық компанияға тиесілі ұшақтың ақауы себеп. Жағажайдағы демалыстан қағылған жұрттың мәселесіне КТК тілшісі үңіліп көрді.

Астана - Камрань бағытындағы әуе рейсі кешкі 8:25-ке белгіленген. Демалуға асыққан жүздеген жолаушы елорда әуежайына үш сағат бұрын келіп, ұзын-сонар кезекке тұрып тіркеуден өткен. Енді ұшаққа отырғызу ғана қалған кезде, демалушыларды ештеңе түсіндірместен, сағаттап күткізіп қойған.

Диана Дүйсенова:

Ұшақтың оң жақ қанатының астынрда адам жүрді. Бірінші көбікпен атқылады и одан бөлек турбинаның қасында бірдеңелерді шұқылады. Vietjet компаниясы, вьетнамдық компания. Олардан ешқандай адам мән-жайды түсіндірген жоқ, хабарға шыққан жоқ. Біздің әуежай  осындай жауапсыз компаниялармен неге жұмыс істейді?! Біз осы уақытта Вьетнамда суға шомылып, күннен күйініп жатар едік.

Экзотикалы табиғат аясында күнге қыздырылмаса да, туристер Астананың ыстығында аяқасты туындаған мәселесімен айналысып әлек. Қолында билеті бар, сөмкесін асынған жұртты әуежайдан кезек-кезек елордадағы екі қонақ үйге жайғастырған. Олардың ішінде басқа қалалардан, тіпті көрші елдерден келгені де бар.

Татьяна Шаповалова:

Ұшақтың бұзылғаны жайлы акті беріңізші деп едік, «шу шығармаңыздар» деп, бізді жан-жаққа қуып жіберді. Ешкім нақты ақпарат беріп жатқан жоқ. Әне ұшамыз, міне ұшамыз деп, әркімнен естіген сөзге сеніп отырмыз. Бүгін таңғы 6-да рейс кестесі шығады деген. Онда біздің бағытымыз болмады. Сонда кешеден бері ұшақты жөндей алмай жатыр ма? Қаншама уақыт, қаншама ақша жоғалтып отырмыз. Шығынымыздың өтелуі де сұрақ туындатып отыр.

Самат Мұқанов:

Әуежайдың іші ыстық, бала-шағамен, жүктерімізбен бірнеше сағат күтіп әбден мазамыз кетті. Бізге келген әуежайдың өкілі мардымды түк айтпады. Вьетнам әуе компаниясының өкілдері болмағандықтан, онда «Эйр Астананың» қызметкерін шақырғанын сұрадық. Қос компанияның арадағы қандай да бір келісімшарты бар деп естідік. Бәлкім техникалық бақылау жағына солар жауапты шығар. Дегенмен ешкім шықпады. Бізді көлікке отырғызып, әйтеуір түнгі үшке дейін қонақ үйге жеткізді.

Мәселеге кім жауапты және кімге кінә артарын білмей шыдамы таусылған жолаушылар тіпті бір-бірімен сөзге келіп қалды.

Жолдан қалған жолаушылармен әзірге тек турагенттер ғана байланыста. Олар өз кезегінде туындаған қолайсыз жағдай бойынша демалыс аймағына саяхат билетін ұсынған турфирмаға шағымданамыз деп отыр.

Елімізде мұндай әуе кемелері қолданылмағандықтан  алып ұшақты жөндейтін жер жоқ екен. Сондықтан ұшақтың істен шыққан бөлігін жөндеу үшін Вьетнамнан арнайы инженер маман келуге тиіс. Егер барлығы ретке келсе, жүздеген жолаушылар ертең кешкісін Камраньға ұшады. Ал осы екі күннің шығыны қалай өтелетіні жайлы ешкім тас жарып айтпады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде