{metadescription}
Алакөлде құлаған гидроплан еш жерде тіркелмеген болып шықты
Алакөлде құлаған гидроплан еш жерде тіркелмеген болып шықты

Алакөлде құлаған гидроплан еш жерде тіркелмеген болып шықты

Алакөлде құлаған гидроплан еш жерде тіркелмеген болып шықты. Туристерге қызмет көрсетпек түгілі, ұшуға рұқсаты да болмаған. Ұшқыштың да жеңіл ұшақтарды басқаратын лицензиясының мерзімі екі жыл бұрын өтіп кеткен екен.

Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді. Ал гидрапланмен көлге құлаған екі азаматтың жағдайы орташа ауыр. Науқастар Алакөл орталық ауруханасының жедел жәрдем көлігімен Талдықорған облыстық ауруханасына жеткізілді. Қазір аурухананың нейрохирургия және травматология бөлімдерінде емделіп жатыр. Екеуінде де жабық бас жарақаты бар. 40 жастағы әйелдің миы шайқалып, басынан қатты соққы алған. Ал 44 жастағы ұшқыштың жамбасы сынып, басы жарылған. Азаматтық авиация комитеті құзырлы органдармен апат бойынша тексеру жүргізуде.

Жамкен Тунликбаев, Қазақстанның авиация әкімшілігі, Ұшуға пайдалану департаментінің коммерциялық әуе көлігі басқармасының аға авиация инспекторы:

Дельтапланның иесі қанша уақыт жұмыс істегені туралы мәлімет жоқ. Өйткені бұл дельтаплан біздің өкіметтің тізіміне кіргізілмеген. Әуе ұшағының меншікті иесі оны бізге тіркемеген. Бұл жағдай бойынша тексеріс жүріп жатыр. Тексеріп біткенше біз еш мәлімет бере алмаймыз. Анық-қанығына жетпей, оны айту қиын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде