Жолаушы пойыздарында 300-ге тарта заңбұзушылық анықталды
«Талапқа сай келмейтін пойыздар». Көлік министрлігі маңызды бағыттарға қатынайтын пойыздарды тексеріп, 300-ге тарта заңбұзушылық анықтады. Бұл үшін «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы мен жеке тасымалдаушылар жалпы соммасы 10 миллион теңгеден аса айыппұл арқалаған.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
29.07.2024
Пойыздарда жолаушылардың жайлы сапары үшін жағдай жасалмаған. Атап айтсақ, вагондардың іші-сырты әбден тозған. Шілденің ми қайнатар ыстығында қолданатын кондиционер де жоқ. Бар болған күннің өзінде, ол істен шыққан. Мүгедек адамдарға жағдай мүлдем жасалмаған. Пойыздардың санитарлық-техникалық жағдайы да сын көтермейді. Осы үшін миллиондаған айыппұл арқалаған тасымалдаушылар он күн ішінде анықталған заңбұзушылықты жоюға міндеттелді.
Ләззат Стамғазиева, ҚР Көлік министрлігінің ресми өкілі:
— Қазір 20 шақты пойыздарды тексерді. Бұл пойыдар әлеуметтік бағытта қатынайтын пойыздар. Мәселен, оның қатарына Астана мен Алматының арасында жүретін, Астана мен Қызылорданың арасында жүртені пойыздар бар. Жалпы ел аумағында осындай 110 пойыз қатынайды. Барлығын келесі айдың аяғына дейін тексеріп бітеміз деген жоспарымыз бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!