{metadescription}
Париж Олимпиадасы: Бүгін ату, семсерлесу, дзюдодан есе жібердік
Париж Олимпиадасы: Бүгін ату, семсерлесу, дзюдодан есе жібердік

Париж Олимпиадасы: Бүгін ату, семсерлесу, дзюдодан есе жібердік

Бокстан Париж Олимпиадасын жеңіспен бастаған Мұхамедсабыр Базарбайұлы бүгін кезекті жекпе-жегін өткізеді. 63 келі салмақтағы спортшымыздан жанкүйлер үлкен үміт күтіп отыр. Ал ту ұстап шыққан ұлттық құраманың капитаны - Асланбек Шымбергенов алғашқы кездесуде-ақ жеңілді.

Бүгін пневматикалық винтовка атудан, семсерлесуден, дзюдодан да есе жіберіп, қоржынды толтыра алмадық. Данияр Шамшаевтың белдесуі тең дәрежеде өткен еді. Алайда төрешілер тарапынан екі ескерту алған ол өзбек балуына есе жіберді. Осылайша күні кеше медаль кестесінде сегізінші орында тұрған ұлттық құрама бір саты төмен түсті. Қазақстан қоржынында қазір үш жүлде бар. Оның екеуі  дзюдодан. Елдос Сметов алтын еншілесе, Ғұсман Қырғызбаев қола қанжығалады. Нысана көздеуден де қанжығамызда бір қола медаль бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде