{metadescription}
«Ағылшынша білмеген». Narxoz 800 баланы бір пәсте оқудан шығаруды көздеген
«Ағылшынша білмеген». Narxoz 800 баланы бір пәсте оқудан шығаруды көздеген

«Ағылшынша білмеген». Narxoz 800 баланы бір пәсте оқудан шығаруды көздеген

Ағылшын тілін білмегені үшін оқудан шығаруға бола ма? Алматыдағы аты дардай NARXOZ университетінде шу шықты. Ата-аналардың айтуынша, жекеменшік білім ордасы 800 баланы бір пәсте оқудан шығаруды көздеген. Оған математикаға басымдылық берген студенттердің ағылшын тілінен емтиханнан құлауы себеп дейді.

Narxoz университеті өзін әлемдегі ең үздік білім ордалары қатарындамыз дейді. Бірақ "мықтымыз" деген білім ошағының алдында мән-жайды түсінбей,  студенттердің ата-аналары шу шығарып жүргені қалай? Мұнда көбісі ІТ саласында жұмыс істеп немесе программист боламын деп оқуға түскен. Бірақ олардың болашағын университеттегілер ағылшын тілінен өткен сынаққа тіреп қойды деп отыр.

Айжан Бекетова:

Пәндердің бәрі ағылшын тілінде жүрейін деп жатыр ғой. Сондықтан бұлар ағылшын тілін белгілі бір деңгейде білу міндетті екен. Бірақ толық ақпарат болмағандықтан, естімеген. 800 бала өтпеген. Басқа пәндерінің GPA жақсы, жана көрдік. Үлгерімі өте жақсы. Тек қана ағылшын тілі курсы, ұстап тұрған.

Бірінші курс студенттері бір жыл бойы негізгі пәндерден бөлек, арнайы ағылшын курсын оқыпты. Оқу жылының соңында шет тілінен екі рет емтихан тапсырады. Бірақ басым бөлігі қажетті балл жинай алма қалған. Студенттердің шет тілін үйренуден қарсылығы жоқ. Ағылшынның айти саласында да қажеті бары анық. Алайда университеттің оқыту бағдарламасына көңілі толмайды.

Елжан Нұрғаев, студент:

Маған 89 алды деді. Бірақ мен ол балды білу үшін деканатқа келіп сұрауым керек. Неге ол бізге жіберілмей, жазылмайды, неге айтылмайды, неге қолымызға қағаз берілмейді? Мына жері қате дегендей. Неге біз білмейміз? Кейбір бала ағылшын тілін мүлдем білмейді. Олар А0 деңгейінен бастады. Жыл аяғында олар А2 деңгейін бітірді. А2-ні бітірсе, В1 деңгейін білу мүмкін емес, негізі.

Мейрамгүл Беген:

Қазақстанда тұрып жатырмыз, шетелде емес. Соның өзінде шетелде бір жыл фоундейшн береді, тілді оқытуға. Ал бізге бір жылда «профессионал керек» дейді. Оқыған жоқ, ондайды. Балаларға қиын болды ғой. Қазір енді далаға лақтырып тастайын деп тұр.

Алайда университеттегілер аяқ-асты шешімін өзгертті ме, белгісіз, әйтеуір мұның бәрін жоққа шығарып отыр. Ағылшын тіліне бола биыл ешкімді оқудан шығармаймыз дейді.

Бахыт Амансейікова, Narxoz университеті тіркеуші кеңсесінің басшысы:

Оқудан шығарылмайды. Келесі жылы, мысалы, қайтадан мүмкіндік береді. Қайтадан шетел тілін өтеді. Мемлекеттік грантқа ол ешқандай әсер етіп жатқан жоқ. Екіншіден, студенттердің үлгеріміне солардың жабылмаған сабақтары әсер етеді. Ол соған байланысты. Біріншіден, дискрет математика мен математикалық талдау.

— Ал екінші курста өте алмай қалса, оны көре жатармыз, бір жылдан кейін.

Narxoz университетіне былтыр 3 мың 700 бала оқуға түсіпті. Тең жартысы мемлекеттік грантта оқиды. Оның ішінде жалғыз ағылшын емес, негізгі сабақтарынан да тапсыра алмай қалғаны ақылы оқуға өтетіні анық. Ал шет тілінен ғана ақсаңдаған студенттерге келесі жылға дейін мүмкіндік беріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде