{metadescription}
Білім гранттары: 79 мың грантқа 104 мыңнан астам талапкер таласады
Білім гранттары: 79 мың грантқа 104 мыңнан астам талапкер таласады

Білім гранттары: 79 мың грантқа 104 мыңнан астам талапкер таласады

Бакалавриатқа бөлінген 79 мың грантқа 104 мыңнан астам талапкер таласады. Ең көп оқу гранты инженерлік, техникалық мамандыққа бөлінгенімен, 104 мың абитуренттің басым бөлігі педагогикалық ғылымдар мен IT-технология, құрылыс саласын таңдапты.

Ал тіс дәрігері, дипломат, мұғалім немесе психолог болғысы келетіндерге шақтаулы грантқа ілігу оңайға соқпайтын түрі бар.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, 42 мың түлек Алматыдағы оқу орындарын таңдап отыр. Ал 22 мың талапкер елордада білім алғысы келеді. Алты мыңнан астам үміткер Шымкент қаласында оқуға ниетті.

Биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілгенін де айта кетейік. Педагогикалық және әлеуметтік ғылымдар, сондай-ақ журналистика және ақпарат бағытында 150 сараланған грант бөлінді. Ал "Серпін" бағдарламасымен 3903 грант қарастырылған. Талапкерлер мен ата-аналар тағатсыздана күтіп жүрген білім гранты иегерлерінің тізімі ғылым және жоғары білім министрлігінің сайтында, баспасөзде және телеграм арнасында 10 тамызға дейін жарияланады. Ал жоғарғы оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызда аяқталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде