Абай облысының тұрғындары бензин таппай сеңделіп жүр
Абай облысының тұрғындары бензин таппай сеңделіп жүргендерін айтуда. Өңірде жанармай тапшылығы бір апта бұрын басталған дейді. Мәселен, Ақсуат ауданына қыдырып барған қараша қайтарға бензин таппай отырмыз деп шағымданды.
Автор: Ұлан Нұрахмет
29.07.2024
Аудан орталығында бір аптадан бері бензин тапшылығы сезілуде. Төрт жанармай бекетінде «бензин жоқ» деген жазу ілулі тұр. Амалы таусылған жұрт АИ-92 бензиннін Семейден немесе Көкпекті ауданынан алдыруға мәжбүр. Ал әкім-қаралар ірі жанармай желілерін ауданға салдыра алмай әлек. Өйткені халық саны мен көлік аз болғандықтан, экономикалық тұрғыдан осы сала алпауыттарына тиімсіз көрінеді. Соның салдарынан жұрт шағын кәсіпкерлердің тасымалына мұқтаж. Ал мәселе облыс көлемінде бір-екі күнде шешілуі тиіс деді шенеунік. Оған дейін қолда бар 46 тонна бензинді жеткізуге тырысады.
Тілеуқабыл Көнекбаев, Ақсуат ауданы әкімі аппаратының басшысы:
— Қазір аудан орталығындағы бензин қоры тек 46 тонна. Бұл бізге аз. Қазір әр станцияда 5-10 литр көлемінде беріп тұрғаны — шындық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!