{metadescription}
Жамбыл облысында жаңа автокөліктер тиеген техника неге өртенді
Жамбыл облысында жаңа автокөліктер тиеген техника неге өртенді

Жамбыл облысында жаңа автокөліктер тиеген техника неге өртенді

Жамбыл облысында жаңа автокөліктер тиелген техниканың неден өртеніп кеткені белгілі болды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше өрт жүк көлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан.

Қорғас кеден бекетінен Мәскеуге жол тартқан автотехника Қордай ауданының маңында өртке ораныпты. Жанып кеткен сегіз көліктің бәрі «Хавэйл» маркалы. Олардың арасында кроссоверлер мен жол талғамайтын көлік те бар. Тілсіз жаудан тасымалдаушы жүк көлігі жанып кетті. Абырой болғанда адамдар аман. Ал жаңа көліктерді тосып отырған иесі шығынды кімнен өндіретіні белгісіз.

Нұриддин Ахметов Жамбыл облысы ТЖД Анықтау бөлімінің бастығы: 

 Бастапқы болжам  электр сымдарынынң қысқа тұйықталуы. Өрт оқиға орнынан жиналған материалдар тергеуде Қордай ауданы полиция бөліміне жолданды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.