Астанада салынбаған пәтерлерді сатып жіберген
Астанада білдей бір құрылыс компаниясы өзге мердігердің кесірінен жер сипап қалғанын дәлелдей алмай жүр. Айтуынша, құрылыс жүргізеді деп жоспарлаған серіктес еш рұқсатсыз, үлескерлерге әлі салынбаған пәтерлерді сатып жіберіпті. Енді сот шешімімен алданған адамдардың шығынын құрылыстың негізгі иелерінен өндіріп алмақ.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
29.07.2024
«Сот ісінің кесірінен 4 миллиард теңге тұратын мүлкімізден айырылдық», - дейді құрылыс компаниясының басшылығы. Ал халықтан ақша жиғандар қазір қамауда отыр. Олар үлескерлерге пәтерлерді нарықтағыдан тым төмен бағада ұсынған. Құрылыстың шаршы метрін 130 мың теңгеден — екі жарым есе арзан сатқан. Жалпы саны 89 пәтер осындай жолмен сатылып кеткен. Халықтан жиналған қаржы 1 миллиард теңгеден асады. Серіктесінің кесірінен техникасы тәркіленіп, жер сипап қалған мердігер пәтер сатқандарға қатысы жоқ екенін сотта дәлелдей алмаған. «Өйткені құзырлы орындар дәлелімізге құлақ аспай отыр» деп күйінеді.
Мұрат Тасов, құрылыс компаниясының директоры:
– Ешқандай бір де бір үлескермен шартқа отырмадық. түспегенбіз. Былайша айтқанда, бір тиын ақша да алған емеспіз. Олардың мақсаты — үй салуға емес — бізді алдап, бітпей тұрған құрылысымызды, былайша айтқанда, басқа адамдарға алдап, үлескер тартып, біздің рұқсатымызсыз, үлескерлерге сол жерге үй сатқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!