{metadescription}
Жыл сайын жолда 2 мыңнан аса адам мерт болып жатыр. Үкіметтің ұсынысы ...
Жыл сайын жолда 2 мыңнан аса адам мерт болып жатыр. Үкіметтің ұсынысы ...

Жыл сайын жолда 2 мыңнан аса адам мерт болып жатыр. Үкіметтің ұсынысы ...

Үкімет бүгінгі отырысын жол қауіпсіздігі мен жолдағы апаттардың көбею себептеріне арнады. Өйткені статистика алаңдатады. Жыл сайын 2 мыңнан аса адамның өмірі жолда қиылып жатыр. Әсіресе қалааралық бағыттарда және елді мекен ішінде болған жазатайым оқиғадан қаза болған, жарақат алғандардың саны азаймай тұр. Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жолы қандай? Үкіметтің бұл бағытта қандай ұсынысы бар?

Елімізде жол апатынан жыл сайын 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 19 мың адам жарақат алады. Бұл орны толмас шығындар туралы жаға ұстатарлық статистиканы бүгін Үкімет отырысында ішкі істер министрі келтірді. Апаттың көбеюіне тіркеу тәсілдерінің өзгеруі, көлік санының өсуі, жүргізушілер тәртібінің сапасы мен инфрақұрылым жағдайы тікелей әсер етеді деді дейді Ержан Сәденов.

Мұның ішінде, әсіресе, соңғысы аса маңызға ие деді министр. Ал тығырақтан шығу үшін қауіпсіз жол инфрақұрылымын құру басты шешім болатынына сенімді. Бұған дәлел ретінде Сәденов халықаралық тәжірибені мысалға келтірді. Қазір республикалық жолдардың тек 3 пайызы ғана қауіпсіздік талаптарына сай. Аз да болса, сол жолдар жөнделген соң ғана адам шығыны бірнеше есеге азайған.

Ержан Сәденов, ҚР Ішкі Істер министрі:

Ұлытау, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстарының трассаларында адам өлімінің деңгейі жоғары. Шілдеде Қарағанды облысы Алматы-Екатеринбург трассасының жөнделіп жатқан учаскесінде екі апта ішінде үш жол апаты болды, 9 адам қаза тауып, 14 адам жарақат алды.

Премьер-министр де жол төсемінің сапасы апат деңгейіне тікелей әсер ететінін жеткізді. Кейбір аумақтардағы жол құрылысы мен қайта жөндеу жұмысының сағызша созылып және жол белгілері мен ақпарат қалқандары, уақытша жол таңбасының болмауы да көп апаттың себебі дейді Бектенов. Ескерту белгілері дұрыс орнатылмағандықтан, жүргізуші оны байқамай, мұның соңы қайғылы жағдайға алып келеді.

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:

Жол апатына қатысты нақты авто жол анализі бар. Талдау көрсеткендей, жол апатының 37 пайызы жылдамдықты арттырудан болатынын және қарсы бағытқа өтіп кетуден болатын апат 9 пайыз. Өзара қарама-қашықтықты сақтамағандар үлесі 8 пайыз. Яғни жол апатының 50 пайызға жуығы жол қауіпсіздік ережесін сақтамаудан.

Қарабаев ақылы жолдарда орнатылған камералардың орташа жылдамдықты есептеуге мүмкіндігі барын айтып, нақты мысал келтірді. Мәселен, Астана-Бурабай жолында көліктердің орташа жылдамдығы сағатына 140 шақырым екеніне қарамастан, жылдамдықты 200-ге жеткізетін жүргізушілер жетерлік. Мұның алдын алу мақсатында "Орташа жылдамдық талаптарын қою туралы" заң жобасы қазір Сенатта қаралады. Тиісті құжат қазан айында қабылданады.

Үкіметте мопедпен болатын апаттың жиілегені де айтылды. Жыл басынан бері 27 мопедші қаза тапқан.

Премьер-министр тас жолдардағы, әсіресе, Қарағанды-Алматы бағытындағы жолда ұялы байланыстың нашар екеніне, тіпті кейбір жерде мүлде жоқ екенін айтты. Жол апаты немесе басқа да оқыс жағдайда зардап шегушінің жедел жәрдем қызметін шақыруға мүмкіндігі де жоқ. Сондықтан цифрлық даму министрлігі автожолды мобильді байланыспен қамтуды неғұрлым жеделдетуі керек, - дейді Үкімет басшысы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.