{metadescription}
Жаңа деректер: Қарағанды зауытындағы өртте құтқарушыларды мекемеге кіргізбей қойған
Жаңа деректер: Қарағанды зауытындағы өртте құтқарушыларды мекемеге кіргізбей қойған

Жаңа деректер: Қарағанды зауытындағы өртте құтқарушыларды мекемеге кіргізбей қойған

Қарағанды зауытындағы 4 жұмысшының өмірін жалмаған оқыс оқиға туралы жаға ұстатарлық жаңа деректер шығып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі ферроқорыту зауытындағы өрт жайлы кәсіпорын 101 қызметіне екі сағаттан кейін хабарлағанын айтты. Ол аздай, құтқарушыларды мекемеге қасақана кіргізбей қойыпты.

Бауыржан Сыздықов, ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі:

Ол жерде оқиға таңғы сағат 4:10-да болған. Бірақ, өкінішке қарай, ол хабар бізге 06:08 түскен. Демек екі сағаттан кейін деп айтсақ та болады. Біздің күштер мен құралдарымыз санаулы уақытта, санаулы минутта жетті. Бірақ, өкінішке қарай, сол мекеменің қызметкерлері біздің құтқарушыларды ішке кіргізбеуге тырысқан. Сондықтан оларға қазір әкімшілік шара қолданылып жатыр. Әкімшілік іс қозғалды.

20 шілде таңғы сағат 4-тен өте феррқорыту зауытындағы №1 пештен қатты жалын шығып, сол жерде жүрген сегіз жұмысшыны қатты күйік шалған. Қызметкерлері ауыр жарақат алғанын білсе де, кәсіпорын басшылығы бірден кәсіби құтқарушыларды шақырмай, мекеменің штаттағы мамандарының күшімен құтқарып қалмақ болған дейді. Бірақ онысынан түк шықпай, 21 мен 43 жас аралығындағы сегіз адам күйіп қалған. Оның төртеуі көп ұзамай, жансақтау бөлімінде көз жұмды. Кәсіпорындағы оқыс оқиғаны дер кезінде хабарламағаны үшін енді төтенше жағдайлар министрлігі зауытқа 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салады. Апаттың мән-жайын арнайы құрылған комиссия әлі тексеріп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде