{metadescription}
Күн-түн демей жолаушы таситын такси жүргізушілеріне тықыр таяды
Күн-түн демей жолаушы таситын такси жүргізушілеріне тықыр таяды

Күн-түн демей жолаушы таситын такси жүргізушілеріне тықыр таяды

Күн-түн демей жолаушы таситын такси жүргізушілеріне тықыр таяды. Енді олардың қалааралық бағытта 50 шақырымнан артық қашықтыққа жол жүруіне тыйым салынуы мүмкін. Ал қалада сегіз сағаттан артық жолаушы тасымалдай алмайды. Таксилерге талаптың күшейетіні туралы көлік министрі мәлімдеді.

Марат Қарабаевтың айтуынша, ұйқысыз жұмыс істейтін такси жүргізушілері жол апатына жиі себеп болады. Көбірек пайда табуды көздегендер бір қаладан екінші қалаға адам әкеліп, кері қарай жолға шығып кететіні жасырын емес. Ал, өзге елдерде белгілі такси платформалары жүргізушілердің қала арасында қатынауына рұқсат бермейді. Сондықтан бізде де жолаушы таситын жүргізушілердің жол жүру қашықтығын шектеу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұған қоса, орташа жылдамдықты асыратын такси жүргізушілеріне қосымша айыппұл салу көзделуде. Министрлік бұл бастамаларды такси қызметтерімен бірлесіп жүзеге асыруда. Негізгі мақсат  жол апаттарын азайту. Қулығына құрық бойламайтын жүргізушілер такси жүйесіне кіргенде тұлғасын Face ID арқылы растауға да міндеттеледі.

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:

Жаңа енгізіп жатқан тәсілдердің бірі бұдан бұрын кісі бір кісінің атына тіркейді, сегіз сағат, жаңағыдай ұйықтайтын уақытында белгілі мерзім өткен соң, басқа кісі тағы да сол бірде бір аккуантты қолдануға мүмкіндік болатын жағдайлар болған еді. Сондай жағдайларды болдырмау мақсатында қазір индрайвердің ұсынып отырған шаруасы, телефонға face ID ретінде кіретіндей, әрдір жүргізуші осы индрайверді қолданушы, өзінің жүйесіне кіруден бұрын face ID міндетті түрде өту мәселесін қарастырып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.