{metadescription}
Туристерге қызмет көрсететін әуе көліктері тексеріледі
Туристерге қызмет көрсететін әуе көліктері тексеріледі

Туристерге қызмет көрсететін әуе көліктері тексеріледі

Алакөлдегі әуе апатынан кейін еліміздегі туристерге қызмет көрсететін осындай әуе көліктерінің барлығы тексеріледі. Өйткені құжатсыз, ешқандай рұқсатсыз демалыс орындарында елге қызмет көрсетіп жүргендер көп екен. Мұндай гидропланмен көкке көтерілудің де бағасы да шарықтап тұр.

Енді демалыс орындарындағы дельтапландардың барлық түрі және АН-2 ұшағы да қатаң бақыланатын болады, дейді көлік министрі. Негізі әрбір әуе кемесі белгілі бір мерзімге ұшуға жарамдылық сертификатын алуы тиіс.

Ал өткен аптада Алакөлге құлаған гидрапланда мұндай сертификат болмапты. Яғни апатқа ұшыраған әуе көлігі заңсыз қызмет көрсеткен. Қандай да бір сертификат түгілі, көкке көтерілуіне ешқандай рұқсаты да болмаған. Сол апат салдарынан екі адам түрлі жарақат алып, қазір ауруханада жатыр.

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:

Қазір бізде 363 Ан-2 ұшағы бар. Ал оның 94-інде ғана ұшуға жарамды деген сертификаты бар. Бұған дейін ұшуға жарамды және ұшқыш сертификатынсыз тіркелген құқық бұзушылық фактілері де аз болмады. Соның бірі осы дельтапланға қатысты. Қазір барлық факті бойынша қосымша тексеру жүргізілуде. Әрбір әуе кемесі белгілі бір мерзімге ұшуға жарамды деген сертификат алады. Осыған байланысты министрлік әуе кемелерін, атап айтқанда дельтаплан тәрізді ұшақтарды, және Ан-2 ұшақтарын кешенді тексеруден өткізу туралы шешім қабылдады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде