{metadescription}
«Селфи жасамақ болған». Түркістан облысында өзенге құлаған бойжеткен табылмай жатыр
«Селфи жасамақ болған». Түркістан облысында өзенге құлаған бойжеткен табылмай жатыр

«Селфи жасамақ болған». Түркістан облысында өзенге құлаған бойжеткен табылмай жатыр

Түркістан облысында өзенге құлаған 16 жастағы қыз табылмай жатыр. Құрбыларымен Түркістан қаласынан 250 шақырым жердегі Қасқасуға барған Ақерке Сұлтанбек селфи жасамақ болғанда Сайрам-су өзеніне құлап кетті дейді куәгерлер.

10-сыныпты бітірген қыздың табылмай жатқанына бүгін үшінші күн. Әуелде туыстарының өзі іздеп нәтиже шығара алмаған соң, құтқарушыларды тартқан. Қазір ағыны қатты өзен бойына төтенше жағдайлар департаментінің 54 қызметкері, бір қайығы мен төрт арнайы техникасы жұмылдырылған. Іздестіру жұмыстарына бүгін полиция қызметкерлері мен олардың техникасы да қосылды. 

Асхат Ержанов, Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары:

Жергілікті атқарушы органдардан, орман шаруашылығының қызметкерлері және де туысқандары көмектесіп жүр. Суға кеткен адамның денесі табылған жоқ. Іздестіру жалғасуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде