{metadescription}
«Заттай дәлел керек». Майқайыңда қазба жұмысы әлі жүргізіліп жатыр
«Заттай дәлел керек». Майқайыңда қазба жұмысы әлі жүргізіліп жатыр

«Заттай дәлел керек». Майқайыңда қазба жұмысы әлі жүргізіліп жатыр

Майқайыңдағы апат бойынша қылмысты тергеуді бастау үшін айғақ заттар түгел болуы тиіс. Ал әзірге құтқарушының денесі табылғанымен, шыңырау түбінен автобус шығарылған жоқ. Сондықтан қазба жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр.

Бауыржан Сыздықов, ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі:

Заттай дәлелдемелер мен автобустың табылуы өте маңызды. Себебі бұл бірнеше адамның өмірі қиылған қайғылы оқиға. Біз мән-жайын толық анықтауымыз қажет. Сотқа дейінгі тергеуде де барлық заттай дәлелдеменің болуы шарт.

Вице-министр іздеу жұмысы қанша уақытқа созылары белгісіз екенін атап өтті. Айтуынша, ойықтың опырыла беруінен автобусты жер бетіне шығару оңай болмай тұр.

Айта кету керек, автобус пен басқа да заттай дәлелдеме іздеумен Майқайың кенішінің жеке құтқарушылары айналысып жатыр. Ал төтенше жағдайлар қызметкерлері кәсіпорын маңында кезекшілікте, дейді вице-министр. Қылмыстық істің мән-жайы автобус табылғаннан кейін ғана белгілі болады.

Еске салсақ, қаңтар айында «Майқайың алтын» кенішінде төрт құтқарушысы бар автобус шыңырауға құлап кеткен. Екі адамның денесі сол күні табылды, ал құтқарушы Айдос Шаймерден мен жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі алты айдан соң табылып, жер бетіне шығарылды. Марқұмдар бірнеше күн бұрын туған жері Майқайыңда жерленді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде