{metadescription}
Көкшетау: Красный ярда кәсіпорынның бірнеше цехы өртеніп кетті
Көкшетау: Красный ярда кәсіпорынның бірнеше цехы өртеніп кетті

Көкшетау: Красный ярда кәсіпорынның бірнеше цехы өртеніп кетті

Көкшетау қаласының іргесіндегі Красный яр кентінде алапат өрт болды. Қайта өңдеуге жарамды затты қабылдайтын орынның түгі қалмай жанып кеткен.

Таңғы бес шамасында басталған өртті жел де лезде өршіткен. Шыны мен темірден басқа, бұл жерде тез тұтанғыш қағаз, пластмасса, резина да қабылданады екен. Кәсіпорын аумағына жиналған осындай қалдықтар тұтанған кезде, өрт бой бермеген. Он жылдан бері полимер мен металл өңдейтін «Вторполимер» серіктестігінің бірнеше цехы жанып кеткен. Өрт сөндірушілер кәсіпорыннан бес газ және төрт оттегі баллондарын алып шықты. Адамдар аман. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Апаттан 30 адам жұмыс істейтін кәсіпорынның күлі қалып, шығын көлемі 150 миллион теңгеден асқан.

Руслан Базарбаев,Ақмола облысы ТЖД басқарма бастығының орынбасары:

Өрт сөндіру қызметінің жедел басқару орталығына таңғы сағат бесте хабар түсті. Сегіз арнайы техника мен 35 адам өртпен күресті. Аумағы шамамен 400 шаршы метр. Сағат 6:26 минутта өрт сөндірілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде