{metadescription}
Лагерь: Тауда адасқан 25 бала мен жетекші аман-есен табылды
Лагерь: Тауда адасқан 25 бала мен жетекші аман-есен табылды

Лагерь: Тауда адасқан 25 бала мен жетекші аман-есен табылды

Тауда адасып кеткендер аман-есен табылды. 25 бала мен олардың жетекшісі лагерьге апаратын жолдан жаңылысқан көрінеді. 

Құтқарушылар адасқандарды Алматы облысының Талғар ауданындағы "Тау самалы" сауықтыру лагерінен 300 метр жерден тапқан. 25 баланың бәрі 8-15 жас аралығындағы мектеп оқушылары. Ересек адам топ жетекшісі екен. Оларды іздестіруге республикалық жедел-құтқару жасағы жұмылдырылыпты. Туристер дін аман табылған.

Ералы Разакұлов, Алматы облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:

Жаттықтырушы бастаған балалар тобы сауықтыру лагерінен 300 метр қашықтықта адасқаны анықталды. Еркін күрес,спорт клубының балалары жыл сайынғы жиындары лагерінде болатын. Осы күні жаттықтырушы жетегімен түскі уақытта экскурцияға барды. Бірақ қараңғы түскенде адасып кетті. Сағат түнгі 1:13-те жоғалған адамдар таудан түсірілді. Балалардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде