{metadescription}
Kaspi.kz қолдауы: Астанада OYU Fest фестивалі керемет өтті
Kaspi.kz қолдауы: Астанада OYU Fest фестивалі керемет өтті

Kaspi.kz қолдауы: Астанада OYU Fest фестивалі керемет өтті

Астана аспаны әнге бөленді. Елордада Kaspi.kz қолдауымен OYU Fest ауқымды музыкалық фестивалі өтті. Жоба заманауи қазақ музыкасын қолдап, отандық талантты өнерпаздарды насихаттау мақсатында пайда болған. Елордадағы биылғы жаздың ең басты шарасында Tynyq тобы, Нұрлан мен Мұрат, Asiya, Dequine, Sadraddin, ARO және Shiza сынды хитмендер өнер көрсетті.

Астанада өткен OYU Fest ән мерекесі Kaspi.kz қолдауымен өтті. Ұйымдастырушылар концерт өткізілетін жердің өзін жоғары талғаммен таңбалаған. Мұндағы көрініс құдды бір сурет секілді. «Астана» гольф-клубына жиналған ән сүйер қауым да ерекше әдемі. Елорда тұрғындары фестивальді асыға күтіпті. Тіпті осы шара үшін еліміздің өзге өңірлерінен арнайы келгендер де болды.

Омар Бекин:

Көкшетау қаласынан келдік. Ақмола облысынан. Осы жаққа келуіміздің ең басты себебі   Алматының жайдары жазын сезіну. Демалысымызды керемет қып өткізуге келдік.

Әділ Айжарық:

Біз арнайы Алматыдан досымызбен бірге келдік. Адамдарға қарасаңыз,барлығының бір-біріне махаббаты ашық, жайдары, ақкөңіл. Бұл жерде нағыз махаббат атмосферасы сезіледі.

Сахнаға бірінші болып Tynyq тобы шықты. Көпшілік оны ілтипатпен қарсы алды. Жуырда аталмыш топ OYU Life музыкалық жобасының түсірілімінде ән шырқаған. Бұл белгілі режиссер әрі продюсер Айсұлтан Сейітовтің музыкалық жобасы. Онда өнерпаздар өзі орындаған әннің кәсіби жазбасын тегін алады. Кейін ол OYU Life Youtube арнасына жүктеледі. Сахнаға енді аяқ басқан өнерпаздар дәл қазір қазақ музыкасында серпіліс барын айтады. Ал оған Kaspi.kz инновациялық компаниясының көрсетіп жүрген қолдауы теңдесіз.

Нұрсат Басболатов, Тynyq тобының мүшесі:

 «Оюдың» жарқын ерекшелігі, оның креатив индустрияға жаңа шабыт беріп жүргені және жаңа артистерге үлкен қадам жасауға қатты ықпал етеді. Біз соның басты бір мысалы сияқтымыз.

Asiya, әнші:

Мен фестивальден ерекше ләззат алдым. Шараға келген адам санында есеп жоқ. Бәрі менімен қосылып ән шырқады.

Құлақ құрышын қандырар ән тыңдап, рухани демалған тұрғындар музыкалық фестиваль мен ірі инновациялық компания арасындағы табысты ынтымақтастықты ерекше атап өтті.

Алтынай Қасым:

Kaspi.kz деген үлкен компания жастарымызды қолдап, осындай керемет фестиваль ұйымдастырғанына өте қуаныштымын. Себебі, бұл жастарды қолдау. Астана қаласында осындай үлкен мереке өткізгені өте керемет деп санаймын.

Айсұлтан Сейітов, OYU және QARA studios жобаларының негізін қалаушы:

Бәрі Kaspi.kz-тің арқасында жүзеге асты. Жалпы бұл дрим коллаборация деп айтар едім. Себебі, Kaspi еліміздегі нөмірі бірінші компания. Ал біз өзімізді креатив индустрия деп есептейміз.

OYU Fest ауқымды музыкалық мерекесі тек Алматы, Астанамен шектелмейді. Отандастарымыз жобаны еліміздің өзге өңірлерінде де өткізуді сұрап отыр. Ал ұйымдастырушылар бұл идеяны жүзеге асырамыз деп уәде етті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде