«Пара алған да, берген де жазаланды». «Алматы Тазалықтың» экс-басшысы сотталды
Пара алған адам да, берген адам да жазаланды. Алматы тазалығына жауапты мекеменің экс-басшысына үкім кесілді. Ауызбастырық алғаны үшін «Алматы Тазалықтың» бұрынғы директоры 81 миллион теңге айыппұл арқалаған. Ал оған пара ұсынған кәсіпкер үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
31.07.2024
Әділет Тоқтасынов қаңтарда қамауға алынған болатын. Жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы Тазалықтың» сол кездегі басшысының кабинетін тінтіп, қомақты ақша тапқан еді. Ол жеке компания басшысынан 2 миллион 700 мың теңгені алыпты. Бұл ақшаны қала көшелері мен тротуарларды күтіп ұстау бойынша қызмет көрсетуге қосалқы мердігерлік келісімшартқа отыру, сондай-ақ орындалған жұмыс актісіне қол қойғаны үшін алған. Жемқорлыққа жол берген Тоқтасынов енді пара ретінде алған ақшасын 30 есе қылып қайтармақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!