{metadescription}
Тасқын: Кәсіпкерлер шығыны өтеліп жатыр, төленгені — 2 млрд 200 млн
Тасқын: Кәсіпкерлер шығыны өтеліп жатыр, төленгені — 2 млрд 200 млн

Тасқын: Кәсіпкерлер шығыны өтеліп жатыр, төленгені — 2 млрд 200 млн

Тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлердің шығыны өтеле бастады. Әзірге бизнес өкілдеріне 2 миллиард 200 миллион теңге төленіпті. Негізі кәсіпкерлердің өтемақы туралы өтінішінің 80 пайыздан астамы мақұлданған. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеді.

Су тасқынынан шығынға батқан 455 шағын және орта кәсіп иелері мемлекеттен көмек сұраған. Солардың ішінде 374 бизнеске өтемақы берілетін болды. Оларға төленетін жалпы сома 5 миллиард 800 миллион теңге. Әзірге төлем 200-ден аса өтініш бойынша жасалған. Қалған кәсіп иелері қаражатқа тамыздың соңына дейін қол жеткізбек. Көктемгі топан судан, әсіресе, Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері қатты зардап шегіпті. Оларға тасқыннан 2 жарым миллиард теңге шығын келген.

Атыраулық кәсіпкерлердің шығын мөлшері 2 миллиард 100 миллион теңге. Төтенше жағдайдан сауда орындарына көбірек зақым келген. Яғни 70 пайызы дүкен, сауда үйлері мен базарлар. Тасқыннан орасан шығынға батқан кәсіп қатарында қоғамдық тамақтану орындары, қонақүйлер мен демалыс орындары да бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде