{metadescription}
Қонаев қаласында автобуста жанжал шығып, біреуі екіншісіне пышақ салған
Қонаев қаласында автобуста жанжал шығып, біреуі екіншісіне пышақ салған

Қонаев қаласында автобуста жанжал шығып, біреуі екіншісіне пышақ салған

Қарбыз кескен пышақты адамға сұғып алған. Қонаев қаласында қоғамдық көлік ішінде жанжал шығып, жолаушылардың біреуі екіншісіне пышақ салған. Суық қару сермеген 36 жастағы ер адам бірден құрықталды. Сөйтсе екеуі бұрыннан таныс екен.

Бейнеадрлардан бұзақының пышақ сермеп жатқанын көруге болады. Ал қансыраған досы қолымен қорғанып әлек. Қарбыз жеуге шығып қаза таба жаздаған 41 жастағы Қонаев қаласының тұрғыны мойны, құлағы мен иығынан жарақат алған. Өміріне қауіп төнбеген оған дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп, үйіне емделуге жіберген. Ал көптен араласатын танысына пышақ ұрған 36 жастағы ер адам қамауға алынды.

Ернар Сайділдин, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

Жедел іздестіріп, Қонаев қаласының полиция басқармасының қызметкерлері қоғамдық көлікте 41 жастағы ер адамды пышақ жарақатын салған облыс орталығының 36 жастағы тұрғынын ұстады. Кісі өлтіруге оқталу фактісі тіркелді. Тергеудің толықтылығы мен обьективтілігін қамтамасыз ету үшін барлық тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде