ХАМАС саяси бюросының басшысы Исмаил Хания қаза тапты
ХАМАС саяси бюросының басшысы Исмаил Хания қаза тапты. Оның ТеҺрандағы резиденциясына жасалған шабуыл кезінде қасындағы оққағарымен бірге өлтірілген.
Автор: Ақтоты Жұмабек
31.07.2024
Күні кеше ғана Хания Теһранға келіп, Иранның рухани жетекшісі Әли Хаменимен және сол елдің жаңа сайланған президенті Масуд Пезешкианмен кездескен еді. Ол ұлықтау рәсіміне қатысқан.
Енді таңға жуық болған оқыс оқиғаға Хамас ұйымы Израильді айыптап отыр. Хамастың жоғары лауазымды шені, сондай-ақ бюро мүшесі Мұса Әбу Марсук «кісі өлтіру» дерегі жауапсыз қалмайтынын мәлімдеді. Қазір оқиғаға қатысты тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!