{metadescription}
Венесуэла: Жаппай шеруде 11 адам қаза тауып, 200-ге жуығы тұтқындалған
Венесуэла: Жаппай шеруде 11 адам қаза тауып, 200-ге жуығы тұтқындалған

Венесуэла: Жаппай шеруде 11 адам қаза тауып, 200-ге жуығы тұтқындалған

Венесуэлада президент сайлауынан кейінгі басталған бейберекетсіздік өрши түсті. Ел астанасы Каракаста дауыс беру қорытындысына қарсы шерулердің соңы полициямен қақтығысқа ұласты. Тәртіпсіздіктен 11 адам қаза тапты. 200-ге жуық кісі тұтқындалған.

Ашуға булыққан жұрт қала орталығында резеңке дөңгелек пен қоқысты өртеп, тәртіп сақшыларын таспен атқылаған. Осындай тәртіпсіздіктер елдің өзге өңірінде де жалғасқан. Оған қатысушылар сайлау нәтижесі бұрмаланды дегенді алға тартып отыр. Олардың есебінше, сайлаушылардың 70 пайызы оппозиция тарабына дауыс берген.

Николас Мадуроның президенттік сайлауда ресми түрде жеңгені жарияланған. Саясаткер 51 пайыз дауыс жинап, үшінші мерзімге сайланды. Алайда учаскелердегі дауыс беру қорытындысы халыққа баспасөз немесе интернет арқылы көрсетілмепті. Науқанның әділ өткеніне Венесуэланың жақын серіктесі Бразилия да күмән келтірген. Ал Мадуро өзінің негізгі оппоненті Эдмундо Гонсалес пен оппозиция жетекшілерін қамауға алуды талап етуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.