«Селфи». Түркістан облысында өзенге құлап кеткен бойжеткеннің денесі табылды
Түркістан облысында өзенге ағып кеткен 16 жастағы қыздың денесі табылды. Құтқарушылар Ақерке Сұлтанбектің мәйітін құлаған жерінен 500 метр қашықтықтан анықтаған.
Автор: Бек Әбиев
31.07.2024
Түркістаннан Сайрам-суға құрбыларымен бірге қыдырып барған мектеп оқушысы фотосессия жасамақ болған. Сөйтіп селфилетіп тұрған кезде аяғы тайып кетіп, ағысы қатты өзенге құлапты. Лезде жанындағылардың көзінен таса болған Ақерке суық судан шыға алмай, денесі қойтасқа қыстырылып қалыпты. Құтқарушылар оны үшінші күн дегенде оқиға орнынан жарты шақырым жердегі судан тауып отыр.
Асхат Ержанов, Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары:
— Сағат 16:10-да батып кеткен қыздың денесі Сайрам су өзенінен табылған. Содан кейін денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!