{metadescription}
«Қорқынышты лифт». Алматыда Ақкент тұрғындары сотқа жүгінгелі отыр
«Қорқынышты лифт». Алматыда Ақкент тұрғындары сотқа жүгінгелі отыр

«Қорқынышты лифт». Алматыда Ақкент тұрғындары сотқа жүгінгелі отыр

Біресе тоғызыншы қабатқа бір-ақ көтереді, кейде төмен тастай жаздайды. Алматыдағы Ақкент ықшамауданының тұрғындары жеделсаты пайдаланудан қорқатын болған. Балалардың қамалғаны, адамдар мінгенде кабинаның сілкінуі жиілегенде халық осы кешеннің коммуналдық желілеріне жауапты ұйымға шағымданған. Ондағылар лифт мінсіз жұмыс істейді деп, айды аспанға бір-ақ шығарды.

Лифтінің дұрыс жұмыс істемей тұрғанына бір жылдан асқан. Тұрғындардың айтуынша, лифт көбінесе қабаттардың ортасында тоқтап қалады. Ал баспалдақтар тым жоғары орналасқан. Жеделсатыда бірнеше рет қамалып қалған балалар әбден шошынған. Енді жоғарғы қабаттағы тұрғындардың шығып-түсуінің өзі қиын.

Күні кеше жету жасар бала інісімен үйіне көтерілмек болғанда, лифт тоқтап қалған. Кабинаның талапқа сай келмейтіні сонша, тіпті балалардың қоңырау түймесіне қолы да жетпепті. Қамалып қалған бүлдіршіндер жеделсатыдан өз күшімен шығуға тырысқан.

Бейбарыс Исмаилов:

Біз кеше екі рет қамалып қалдық. Өзім жалғыз - бір, екіншісі – бауырым екеуміз қалып қалдық, әрең шықтық. Мен кішкене, жартылай өзім аштым, содан кейін өзі ашылып кетті.

Ақкент ықшамауданының тұрғындары кейде тіпті лифт ішіндегі адамдарды әрі-бері сілкілейді дейді. Арасында бір қабаттан екіншісіне тоқтаусыз жүріп, батырмасы істемей қалады, дейді тұрғындар.

Роза Қазиқанова:

Қорықтым. Айқайлап жатырмыз. Бір қабатты бассақ, басқа қабатқа алып кетеді. Бір жарым сағат жүрдім сөйтіп. Бұл не деген сұмдық! Біреу өлу керек, я бір жаман жағдай болуы керек пе? Қызымның аяғы ауыр. Ішінде тұрып ыстықтан өлейін деп қалдық.

Тұрғындар қауіпті жеделсатыдан бас тартып, жаяу көтеріліп түсейін десе, ол да талапқа сай емес. Баспалдақтардың арасы алшақ. Адымдап, анық баспаса, мертігіп қалу мүмкін. Әсіресе балалардың мініп-түсуі қиын.

Назерке Қалжігіт:

Баспалдақтың түрін қараңыз. Тіке созылған. Бір қыз аяғын сындырып алды. Менің қызым да үнемі құлайды. Өзім тоғыз айлық баламен арбамен қалай түсемін, қалай көтерілемін?!

Жұрт Ақкенттегі барлық үйдің жеделсатысы мен баспалдағының жағдайы осындай дейді. Есесіне, кешеннің коммуналдық жүйесіне жауапты компания «лифт мінсіз жұмыс істейді» деп отыр. Тіпті айына екі күн тоқтатып қойып, техникалық жөндеу жүргізеді екен-міс.

Талғат Камалов, Аkkent Facility Manegement бас директоры:

Бұл тек бізде емес, Алматыға жеделсатыны біз әкелген жоқпыз. Кез келген кешенде тоқтайды. Сапасы жақсы. Барлық лифт, жаңағы айтқандай, бізде диспетчер бар. Хабар түскен кезде тез арада қимылдаймыз.

Сөзі шындыққа жанаспайды деген тұрғындар жауапты компанияның үстінен сотқа жүгінеміз деп бекініп отыр. Себебі күндердің бір күнінде жеделсатының кесірінен адам жазым болмасына еш кепіл жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.