{metadescription}
Еуроодақ қазақстандықтар үшін виза режимін жеңілдете ме?
Еуроодақ қазақстандықтар үшін виза режимін жеңілдете ме?

Еуроодақ қазақстандықтар үшін виза режимін жеңілдете ме?

Еуроодақ қазақстандықтар үшін виза режимін жеңілдете ме? Сыртқы істер министрі бүгін елімізге ресми сапармен келген Еуроодақ сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррельмен осы мәселені талқылады.

Мұрат Нұртілеу, ҚР Сыртқы істер министрі:

 – Жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі – Қазақстан азаматтары үшін Еуроодақтың виза режимін жеңілдету екенін бұған дейін де естіп жүрсіздер. Доктор Боррелльмен осы түйінді шаруаның оң шешімін жуық арада табу мақсатында күш-жігер жұмылдыруға уағдаластық.

Еуроодақ өкілі әлемдегі геосаяси жағдай мен ондағы біздің елдің рөліне де тоқталды. «Қазақстан Еуропа мен Азияны байланыстырып тұрған көпір» - дейді Боррель. Ал еліміздің Сыртқы істер министрі Еуроодақтың Қазақстан үшін маңызын атап өтті. Еуроодақ Қазақстан үшін ең ірі сауда және инвестициялық серіктес. Екіжақты сауда айналымы қазір 20 миллиард долларға жеткен.

Министр ел Үкіметінің еуропалық компаниялар мен іскерлік топтардың Қазақстанға келуін құптайтынын жеткізді. Жозеп Боррель президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың да қабылдауында болып, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын да талқылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.