{metadescription}
Астана әуежайындағы кәсіпкерлердің жаңа инвестор келгелі шырқы кеткен
Астана әуежайындағы кәсіпкерлердің жаңа инвестор келгелі шырқы кеткен

Астана әуежайындағы кәсіпкерлердің жаңа инвестор келгелі шырқы кеткен

Астана әуежайында жұмыс істеуге мұрша беруді сұрады. Әуежайда шағын дүңгіршекті жалға алып кәсібін дөңгелетіп келгендер жаңа инвестор келгелі жұмыстарының шырқы кеткенін айтуда.

Айнұр Рахымова, кәсіпкер:

Маған бір күнде айтты, бір ай бұрын айтқан жоқ. Өзімнің жұмысшыларыма айтуым керек қой, бір ай бұрын. Олай істеген жоқ. «Мына жерді босат» деді. Жұмысшыларыма бір күнде айта алмаймын, заң бар. Төрт жыл бойы біз қанша ақша құйдық, қанша жұмыс істедік, қанша адам менімен жұмыс істеп жатыр. Бір күнде маған «бара ғой, жаным» дегені дұрыс емес.

Айнұр Рахымованың әуежайда ақша айырбастау пункті болыпты. Төрт жылдан бері кәсіпкер еш кедергісіз жұмыс істеп келген. Алайда әуежайдың жаңа басшылары алдымен бәсекелес компания әкеліп, енді аумақты түбегейлі босатуын талап етіп отыр дейді кәсіпкер. Соның кесірінен 15 адам жұмысынан айырылған. «Негізсіз қуылдық» деген ол, әуежай басшылығын сотқа берген. Бірақ меке әкімшілігі құжаттарды бұрмалап, бізден құтылудың бар амалын жасап жатыр дейді Айнұр Рахымова. Жақын күндері істің нүктесін сот қоюы тиіс. Аяқасты кәсібінен айырылған әйелдің де бар үміті алдағы сотта. Ал осы мәселеге қатысты әуежайға жолдаған сауалымыз жауапсыз қалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде