{metadescription}
Венесуэла президенті Илон Маскты ашық жекпе-жекке шақырды
Венесуэла президенті Илон Маскты ашық жекпе-жекке шақырды

Венесуэла президенті Илон Маскты ашық жекпе-жекке шақырды

Венесуэланың қайта сайланған президенті ашуына тиген миллиардер Илон Маскты ашық жекпе-жекке шақырды. Ал әлемдегі ең бай адамдардың бірі саналатын америкалық кәсіпкер Мадуромен күш сынасуға дайын екенін мәлімдеді.

Алайда Масктың шарты бар екен. Ол жекпе-жекте жеңген жағдайда Николас Мадуро президенттіктен кетсін деп талап қойып отыр. Ал егер өзі жеңілсе, Венесуэланың үшінші рет сайланған президентін Марсқа тегін ұшырамын деп уәде етті.

Жалпы, әлемдегі ең бай адам мен латынамерикалық саясаткер арасындағы текетірес неден басталды. Илон Маск әлеуметітк желіде Мадуроны «диктатор» деп жазып, сайлау науқанын сынға алған. Ал президент бұны өзге елдің «ішкі мәселесіне араласу» деп бағалап, Маскты жеке шығып сөйлесуге шақырды.

Венесуэлада бірнеше күннен бері халық наразылық шеруін өткізіп жатыр. Жұрт дауыс беру қорытындысына қарсылық білдіруде. Шерушілер Уго Чавеске қойылған ескерткіштерді де қиратқан. Бейберекетсіздік кезінде 11 адам қаза тауып, 700 шақты азамат қамалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде