{metadescription}
Көмек қажет: Екі жасар баланың дене қызуы түспей жатыр
Көмек қажет: Екі жасар баланың дене қызуы түспей жатыр

Көмек қажет: Екі жасар баланың дене қызуы түспей жатыр

Балақайдың туғалы бері дене қызуы түспей жатыр. Екі жасар Дінмұхаммедке 38 градус — қалыпты температура болса, кейде 41 -ге дейін көтеріледі. Анасы бүлдіршінді емдеуге апармаған жері жоқ. Еліміздегі ауруханалардан бөлек, қайырымдылық қорының көмегімен Үндістандағы дәрігерлерге де апарып көрсетіпті. Дәстүрлі медицина шипасын таппаған соң, молдаларға да оқытыпты.

Жалғысбасты ана Айнұр Жазиеваның күні-түні көретіні осы. Екі жасар ұлының ауруы туғаннан кейін араға екі апта салып пайда болған. Дене қызуы 38 бен 39 ды көрсетіп, содан түспеген. Келіншек жүктілік пен босану кезеңінде өзінде де, құрсағындағы сәбидің де денсаулығына қатысты ешқандай кінарат болмаған деп отыр. Қан қысымының кесірінен сәбиін кесір тілігі арқылы дүниеге әкелген.

Айнұр Жазиева, Дінмұхаммедтің анасы:

Балада ол кезде мүлде температура болмады. Бізді тоғызыншы тәулікте перзентханадан шығарды. Температурасыз. Үйге келдік. Сол кезде температура пайда болып, содан бастап қалып қалды, көтеріле берді. Ай сайын дене қызуы көтеріле берді. Қырық бірге дейін барып, былтыр ес-түссіз күйде жансақтау бөліміне түстік.

Екі жылдан бері әйелдің шырылдап бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Жетісу облысындағы аудандық ауруханадан бастап, қаладағы клиникаларға да жүгініпті. Ақыр соңында емші, балгер, молдалардан да көмек сұраған. Қайырымдылық қоры арқылы Үндістанға да ем іздеп барыпты. Бірақ ешқайсынан қайыр болмады, дейді анасы.

Айнұр Жазиева, Дінмұхаммедтің анасы:

Ешқандай диагноз жоқ. Қызуы неге көтеріледі, құр болжамдар. «Басынан болуы мүмкін», «жүрегінен болуы мүмкін», «бауырынан болуы мүмкін». Ауруханадан шығарғанда дәрігерлер шынайы жазбайды, өйткені олар да өз абыройын, артын ойлайды. Жазған жазбалар мен баланың күйі екі бөлек. «Коронавирус» деп есімізді шығарған. Ақылы ауруханаларда қарап көрсе, өйткені бізге квота да бөлінбейді екен.

Екі жасар Дінмұхаммед бүгінге дейін 28 рет ауруханаға жатқан. Ең қиыны, дәрігерлер балақайға түрлі диагноз қойып, соңында «қатерлі гипертензия» деген тоқтамға келген. Яғни қан қысымының жылдам жоғарылауымен, қан айналымының патологияларымен байланысты көрінеді. Бірақ анасы бұл болжаммен ғана айтылған диагноздар дейді.

Айнұр Жазиева, Дінмұхаммедтің анасы:

Мықты, білікті, дәрігерлер баламды өздерінің бақылауына алып қараса екен. «Мама» дейді, шапқылап жүрген балам бір күні сұлқ түсіп, сосын дәрігерлер «біз бәрін жасадық, қолымыздан келгенін» деп айтып, сондай жамандықтан қорқамын. Сұлқ түсіп жатып қалады. Тілі жоқ, айта алмайды ғой, айтса ғой, шіркін, мен білетін едім. Ибуфенмен ғана отырмыз, жылайды, түнімен ұйықтамаймыз.

Сарқан ауданы орталық ауруханасының дәрігерлері баланың бір басында бірнеше диагнозы барын растап отыр. Сондықтан бүлдіршін мүгедек ретінде бақылауда тұрады дейді. Яғни «тұрақты қызба», «нейроинфекция», «қайталама иммунды тапшылығы», «ми және сөйлеу дамуының кешігуі» сынды дерттерді тізіп берді.

Раушан Ахметқожина, Сарқан ауданы орталық ауруханасы директорының орынбасары:

Туғаннан бастап денсаулығында проблема болды. Өйткені ол балада тыныс алу жеткіліксіз болды. Жиырмасыншы күннен бастап дене қызуы көтерілді. Ол кезде бала 2022 жылы 8 маусымда балалар бөліміне нәрестенің сарғаюуы диагнозымен жатты. Ол баланың генетикалық анализін Мәскеуге, Кипрге жібергенбіз. Өте қымбат генетикалық зерттеу. Оның нәтижиесі таза болып келді. Алматыға, Астанаға емдеуге, тексерілуге жібердік.

Аудандық дәрігерлер баланы алдағы уақытта Астанадағы жекеменшік медорталық мамандарына көрсетуді жоспарлап отыр. Ал Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жағдайды үнемі бақылауда ұстап отырғанын, бүлдіршіннің сауығып кетуі үшін барлық медициналық көмекті көрсететінін мәлімдеді. Жалғызбасты ананың да бар арманы ұлының құлан-таза айығып, қатарластарына ілескенін іп көру. Сондықтан баласын Кореяда емдетіп көру үшін қайырымды жандардан көмек сұрайды. Егер қол ұшын созамын десеңіз, экранда көрсетілген нөмірлерге хабарласыңыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.