{metadescription}
Астанадағы ақылы автотұрақтарға көптің көңілі күпті
Астанадағы ақылы автотұрақтарға көптің көңілі күпті

Астанадағы ақылы автотұрақтарға көптің көңілі күпті

Астанада ақылы автотұрақ саны артты. Қазір негізгі көшелер мен тұрғын үй маңайына дейін арнайы жолақ сызылып, QR-коды бар арнайы белгі орнатылып жатыр. Қала билігі осы арқылы пайда тауып қана қоймай, көшелерге бейберекет қойылатын көлік иелерімен күресті күшейтпек. Тек әкімдіктің амалы көптің көңілінен шықпай тұр.

Кейбір көлік жүргізушісіне ақылы автотұрақ санының артуы күтпеген жағдай сыңайлы. Сол жағалаудың орталығынан бастап ЭКСПО-ға қарай бағыттағы паркоматтарды тіпті байқамай жүргендер де бар екен. Енді бұл көше бойына көлікті қалдыру ақылы.

Шынымды айтсам, мен тіпті назар да аудармас едім, себебі сызық жоқ...Иә, егер қолайлы жағдай болса, бір сәрі ғой. Мұнда камера атымен жоқ, сонда не үшін төлейміз?

Камера көпке ұзамай қойылады. Өйткені тұраққа төлемді бақылау камерасыз есептеу мүмкін емес. Әкімдік былтыр осы ақылы автотұрақтартан бір жарым миллиард теңге табыс тауыпты. Алайда бұл қаражаттың басым бөлігі көлік жүргізушілерінің тұраққа төлеген қаржысы емес, керісінше, тұрақ ақысын төлемегені үшін салынған айыппұлдан екен.

Жанаргүл Құлмағамбетова, Астана Мәслихатының депутаты:

Ақылы тұраққа бұл бар болғаны 10 пайыз. Қалған соманың бәрі салық болып саналады. Яғни адамдар тұраққа төлемей, кетіп қалса, айыппұл төлейді. Салық автоматты түрде бюджетке түседі.

Ал ол жерден бұл қаржы елорданы абаттандыруға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және басқа да жобаларға жұмсалады дейді жауапты шенділер. Дегенмен көше бойын жағалай ақылы тұраққа айналдыруына тұрғындарының бәрі бірдей риза емес.

Біз сонда не үшін салық төлейміз? Жақсы асфальт та сол салыққа байланысты емес пе? Онда біржола салық жойылып, ақылы автотұрақтар орнатылсын.

Ал жауапты компания, табыспен қоса, көшеге бейберекет көлігін қойып кеткендердің нөпірін азайту үшін де «қолайлы тәсіл» деп санайды. Жалпы кейінгі жылдары ақылы автотұрақ желісінің айтарлықтай кеңейгенін көруге болады. Бұрын негізінен сол жағалаудағы бизнес орталықтары маңын және оң жағалаудың кейбір аудандарын ғана қамтыған. Қазір ақылы тұрақтар сол жағалаудағы халық көп шоғырланған әрі соңғы уақытта тұрғын үй көптеп салына бастаған көшелерге де ойыса бастаған.

Шыңғыс Досыбаев, «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС директоры:

Бүгінде ақылы автотұрақтар ЭКСПО бағытына қарай болады. Өйткені Ақмешіт, Түркістан, Сауран, Мәңгілік Ел, Тұран сияқты көшелерде белгілі бір қиындықтарды көріп отырмыз.

Қазір бұл аумақтардағы ақылы автотұрақтардың картасы әзірленіп қойған. Алайда ол тек тестілеу режимінде жұмыс істейді, яғни әзірге бақылау жүргізілмейді. Ақылы автортұрақтарға төлем нақты қашан алына бастайтыны жайлы және оның нақты саны әзірге айтылмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.