{metadescription}
«Қап-қап қалдық». Ақтаулық азамат Каспий теңізін өз бетімен тазартуға кіріскен
«Қап-қап қалдық». Ақтаулық азамат Каспий теңізін өз бетімен тазартуға кіріскен

«Қап-қап қалдық». Ақтаулық азамат Каспий теңізін өз бетімен тазартуға кіріскен

Ақтауда жергілікті тұрғын Каспий теңізін тазартуға өз бетінше кірісті. 35 жастағы азамат су айдыны мен төңірегін қалдық басқан жағажайға бейжай қарап отыра алмаған.

Каспий теңізіне күнделікті жүздеген турист келеді. Тазалықтан жұрдай кейбір демалушылардың кесірінен жағажай қоқыстан көрінбей қалған. Тіпті су бетінде пластмасс шөлмектер мен целлофандар қалқып жүр. Тұрмыстық қалдық басып жатқан аумақты тазартуға ақтаулық жігіт өзі кірісті. Астындағы гидроциклмен таң атпай теңізге шығып, шашылған қоқысты жинап алады. Оның айтуынша, су айдынынан бір күннің өзінде қап-қап қалдық шыққан. «Әр адам демалған жерін жинап кетсе, Каспий мұндай күйде болмас еді», - дейді. Енді өзінің қасына еріктілер мен балықшыларды қосып алмақ ниетте.

Самат Таумұрынов, Ақтау тұрғыны:

Гидроциклмен қоқысты жылдам жинаймыз. Өйткені суда өте ыңғайлы. Бәрін жиып-теріп қоқыс жәшігіне тастаймыз. Алдағы уақытта балықшылармен де келісім жүргіземіз. Бірлесіп рейдке шығып, қалдықтарды бірге жинайтын боламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.