Газ жарылысы: Қызылордада зардап шеккен жасөспірімдер Алматыға жеткізілді
Қызылордада газ жарылысынан зардап шеккен жасөспірімдердің барлығы арнайы ұшақпен Алматыға жеткізілді. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылған олардың жағдайын дәрігерлер тым ауыр деп отыр.
Автор: Әсем Лесбек
02.08.2024
Медетәли Мақұлбеков, Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы жансақтау бөлімінің меңгерушісі:
Өкінішке орай болжау қиын. Қолдан келгеннің бәрін хаттамаға сәйкес толық көлемде емін жүргізіп жатырмыз. Жағдайлары өте ауыр деп бағаланады. Ота жасалуы мүмкін. Бір балада 70 пайыз, екінші балада 75 пайыз, үшінші балада 80 пайыз, төртінші бала ең ауыр жағдайда, оны 85 пайыз күйік шалған.
Оқыс оқиға осыдан төрт күн бұрын Қызылорда қаласының шеткі ауданында жер үйлердің бірінде болды. Зардап шеккен екі ұл мен екі қыз негізінен Қармақшы ауданында тұрады. Бұл үйге туыстарына қыдырып келіпті. Сорақысы, төртеуі де жаралыс кезінде баспанада болған. Мамандар екеуіне алғашқы медициналық көмекті көрсетіп, санавиацияның ұшағымен Алматыға жеткізді.
Зәуре Имамбаева, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы медавиацияның мобильді бригадасының дәрігері:
Екі баланы жеткіздік. 1 тамыз күні тағы екі баланы жеткізді. Төртеуі де қазір Алматыдағы емханада жатыр. Екеуі ессіз күйде болды. Бізбен бірге әкесі барды. Сол кісінің жағдайы өте қайғырып келді. Екі сағат он минуттай уақытта апардық. Қызылордадан Алматыға дейін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!