{metadescription}
Бұрынғы уақыт белдеуіне ауыспаймыз
Бұрынғы уақыт белдеуіне ауыспаймыз

Бұрынғы уақыт белдеуіне ауыспаймыз

Бұрынғы уақыт белдеуіне ауыспайды. Уақытты кері қайтару петициясына қатысты сауда және интеграция министрлігі шешімін жариялады. Шенеуніктер сала мамандары, ғалымдармен кеңесе келе, осындай тоқтамға келген.

Арман Шаққалиев, ҚР сауда және интеграция министрі:

- UTC + 5 сағаттық белдеуі Қазақстан аумағының көп бөлігіндегі табиғи күн циклдеріне сәйкес келеді. Бұл денсаулық сақтау министрлігінің ғылыми деректері мен ұсыныстарымен расталды. Болашақта қолданыстағы уақыт белдеуі азаматтарымыздың денсаулығына оң әсерін тигізеді. Себебі оның биологиялық ырғақтары күн мен түннің табиғи циклімен үйлесімде болады.

Арман Шаққалиев UTC + 5 уақыт белдеуі ел аумағының көп бөлігінде табиғи циклге барынша жақын екенін атап өтті. Айтуынша, алдағы уақытта жұмыс тобына қатысушылардың дәлелдерін назарға ала отырып, жан-жақты зерттеу өткізіледі. Мысалы денсаулық сақтау, білім және ғылым министрліктері бұл өзгерістің алдағы үш жылда халықтың денсаулығына қалай әсер ететіне талдау жүргізеді. Ал ұлттық экономика және энергетика министрліктері жылу маусымы мен маусымдық өзгерістерді ескере отырып, өңірлерде электр энергиясын тұтынуға мониторинг жасайды. Ұйымдар мен кәсіпорындарға күндізгі уақытты ескеріп, жұмыс кестесін түзету мүмкіндігін түсіндіруге еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауапты болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде