{metadescription}
Ақтөбеліктердің қауіпсіздігі мықты бақылауда болмақ
Ақтөбеліктердің қауіпсіздігі мықты бақылауда болмақ

Ақтөбеліктердің қауіпсіздігі мықты бақылауда болмақ

Ақтөбеліктердің қауіпсіздігі мықты бақылауда болады. Үш жыл бойы тұралап тұрған миллиардтаған ақшаның жобасы ақыры іске қосылады. Жол бойына жаппай бейне бақылау камерасы орнатылатын болды.

Тәртіп сақшылары тұрғындарды алдын ала ескертіп әлек. Бейнекамераның іске қосылатыны жүргізушілерді аса қуанта қоймады. Себебі, жылдамдықты елемей, енді еркін жүре алмайды. Сәл асырса айыппұл салынады. Бұл жоба Ақтөбеде үш жыл бұрын іске асырылуы керек еді. Бюджеттен ол үшін бес жарым миллиард теңге де бөлінген. Бірақ тендерге таласқан мердігерлер бірін-бірі сотқа беріп, ақыры мәселе тек биыл ғана Жоғарғы сотта шешілді. Бейнебақылау камерасын күтіп ұстап, кем-кетігін жөндеуге қазынадан айына 180 миллион теңге мердігерге беріліп отырамақ. Бірақ бұл шығын өз-өзін ақтайтынына шенділер мен шенеуніктер сенімді. Ең бастысы, жол көлік апаты азаяды деген үміт бар. Айналдырған жарты жыл ішінде Ақтөбе облысында төрт жүзден аса жол көлік апаты болып, сексен адам өлген.

Руслан Сағалов, жоба жетекшісі:

Кейбір тұрғындар бұл жүйеге қарсы шығып жатыр. Жоба жұрттан айыппұл жинау үшін емес, ең бірінші, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасалды. "Басқа өңірлерде бейне бақылау камерасын орнату нәтиже берді ме" дегенге келсек, бұған дейін бақылау жүйесі жолға қойылған Қарағанды, Ұлытау, Ақмола облыстарында жол-көлік апаты айтарлықтай азайғанын байқадық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде