{metadescription}
Электронды цифрлы қолтаңба беру жолы өзгертіледі
Электронды цифрлы қолтаңба беру жолы өзгертіледі

Электронды цифрлы қолтаңба беру жолы өзгертіледі

Елімізде электронды цифрлы қолтаңба беру жолдары өзгереді. Салалық ведомство оны файл тасымалдағышқа салудан бас тарту мәселесін қарастыруда.

Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, қазір файлдық тасымалдағыштарға ,яғни флэш картаға цифрлы қолтаңбаны жүктеп беру қауіпті екені анықталған. Сондықтан адамдардың жеке басына байланысты ақпараттарды, токен сияқты деректерді оңайлықпен көшіріп алуға мүмкіндік бермейтін тасымалдағыштарға ауыстырмақ. Мұндай жаңашылдық киберқылмыстан қорғанудың бір жолы , дейді мамандар.

Руслан Әбдіқалықов, ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы:

Біз файлдық тасымалдаушыларға электрондық цифрлық қолтаңбаларды беруден бас тарту мәселесін қарастырғымыз келеді. Сондай-ақ қазір ЭЦҚ алу мүмкін емес ресурстарға қол жеткізу үшін қолданылатын идентификаторлар сенімді болып табылады. Елімізде цифрландыру басталған тұста, азаматтарды жаппай қамтып, оларды электрондық цифрлық қолтаңбамен қамтуға мүмкіндік берген ең қарапайым әдіс һ- файлдық тасымалдағышта электрондық цифрлық қолтаңбаны шығару болды. Сондықтан ЭЦҚ беруді тоқтату процедурасы қазір қауіпсіз болып саналады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде