{metadescription}
Жылдамдықты асырғаны үшін жүз мыңдап айыппұл арқалады
Жылдамдықты асырғаны үшін жүз мыңдап айыппұл арқалады

Жылдамдықты асырғаны үшін жүз мыңдап айыппұл арқалады

Жылдамдықты асырғаны үшін жүз мыңдап айыппұл арқалады. Алматыда микроавтобус жүргізушілері жаппай жаза арқалап жатыр. Жаңа ережеге сәйкес, олар мамырдан бастап қала ішінде сағатына 50 шақырым жылдамдықпен жүруі тиіс. Алайда алды миллионнан аса айыппұл арқалағандар шектеу туралы білмедік деп уәж айтып отыр. Бүгін полиция кеңсесі алдында жиналған олар айыппұлды бір жолға кешіруді сұрады. Ал бұл мүмкін бе?

Бұл жүргізушілер түрлі компаниялардың қызметкерлерін микроавтобуспен әрі-бері тасып күн көріп жүр. Бәрінде бір проблема - жылдамдықты асырып, камераға түскен. Жүз мыңдап, алды тіпті миллионға дейін айыппұл арқалаған. Бір апта ішінде төлемесе, бұл сома екі еселенеді.

Қанат Тойбаев, көлік жүргізушісі: 

Бәріміз бала-шағаны бағу үшін жүрміз. Ал бірақ тек штрафқа осы үш күннің ішінде ең аз деген 100 мың болып тұр, ал айыппұл басы 800 мыңға дейін барып тұр. Біздің талап неге ескертусіз, айыппұлды бытырлатып, бір күннің өзінде 100 мыңнан жіберіп жатыр? Ол - бір. Біздің талабымыз - штрафты осы күнге дейінгісін бәріміздікін алсын.

Бір жүргізушінің өзіне үш күнде бас-аяғы 30 айыппұл келіпті, олардың кейбірінің арасы бір минутқа да жетпейді.

Айта кетейік, мамырдан бастап жол жүру ережелеріне бірқатар өзегерту енгізілген. Оған сәйкес автобус жүргізушілері қала ішінде жылдамдықты 50-ден асырмауға тиіс. Бірақ наразы топ бұл туралы мүлдем білмедік деп отыр. Тіпті жол бойында арнайы белгінің жоқ екенін айтады. 

Ғабит Әбілқасов, көлік жүргізушісі:

  Жағдайымды көріп отырсыздар. Жалғыз табыс көзім осы. Үкіметтен ештеңе сұрап отырған жоқпын. Әйтеуір қолымыздан келгенше еңбектеніп жүрміз. Жүргізуші жалдаймын. Мына айыппұлды, мына бәлембайды төлесем, менің дәрі-дәрмегіме, басқаға сұрап жатқан жоқпын ғой, дұрыс па?

Десе де заңды білмей жауапкершіліктен құтқарған емес. Полицейлердің де айтып отырғаны да осы. Әрі бұл ереженің күшіне енгізілгеніне үш айдың жүзі болған. Сондықтан "тіркелген айыппұлды төлеп, енді жылдамдықты асырмаған жөн", - дейді олар.

Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі:

Бұл —  шектеу, заңды норма. Ол міндетті түрде орындалуы тиіс. Егер азамат білмесе, заңды білмегендік жауапкершіліктен босатпайды. Сондықтан соған байланысты азаматтар міндетті түрде осы заңға бағынуы керек. Заң нормаларын өздері оқып білмесе де, ақпарт түрде түсіндірме жүргізілді. Бұл айыппұлдарды қазіргі күні ешкім жоя алмайды. Ол заңға қайшы іс-әрекет болып табылады.

100 мыңдап айыппұл арқалаған жүргізушілер оны төлеуден түбегейлі бас тартуда. Енді олар айыппұлдың заңсыз екенін сотта дәлелдеп көрмек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде