{metadescription}
Көшпенділер ойынына дайындық қыза түсті
Көшпенділер ойынына дайындық қыза түсті

Көшпенділер ойынына дайындық қыза түсті

Елордада бүкіл түркі әлемі көз тіккен көшпенділер ойынына дайындық қыза түсті. Шетелдік қонақтарға Visit Astana ақпарат дүңгіршектері де қызмет көрсетуге әзір.

Қазірдің өзінде туристер қаланың ең көп баратын орындарында екі ақпарат дүңгіршектері жұмыс істейді. Онда Астананың мәдени орындары туралы ғана емес, алдағы ойындарды да білуге болады. Үш тілді меңгерген кеңесшілер спорттық іс-шараларға билет сатып алуға көмектеседі. Мамандар туристерді бағдарламамен таныстырып, бос уақытын қайда өткізуге болатыны туралы кеңес береді .

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астана қаласында қыркүйектің 8-13-і аралығында өтеді. Дүбірлі додаға 89 елден 2 мыңнан астам спортшы қатысады. Олар спорттың 21 түрінен бақ сынасады.

Ольга Абельдинова, Astana Development Center ЖШС Туризм және инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры:

- Бұл дүңгіршектер барлық қажет ақпаратты береді. Қаланың көрікті жерлері, экскурсия маршруттары және қалада өтіп жатқан іс-шаралар туралы ақпарат беретін халықаралық қызмет. Біздің қызметкерлер таксиге, қонақүйге тапсырыс беруге көмектеседі. Шетелдік және отандық туристерге қажетті басқа да сұрақтарға жауап береді

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде