{metadescription}
Ақмола облысында Жабай өзенін тазарта бастады
Ақмола облысында Жабай өзенін тазарта бастады

Ақмола облысында Жабай өзенін тазарта бастады

Ақмола облысында Жабай өзенін тазарту жұмыстары басталды. Жыл сайын тасып атбасарлықтарды әбігерге салатын өзенге арнайы су астын тазартатын жер сору техникасы іске қосылды. Ұзындығы 9 шақырым болатын жер снаряды өзенді сегіз метр тереңдікке дейін тазартып шығады. Сондай-ақ тамыз айында топан судан зардап шеккен 200 отбасы қоныс тойын тойламақ. 

Атбасар биыл да қызыл судан зардап шекті. Үйі су астында қалған 145 отбасы жақында қоныс тойын тойлаған. Қазір тағы да 200 пәтерлі үш көпқабатты үй тұрғызылып жатыр. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов құрылыс барысын арнайы барып көрді.

Марат Ахметжанов, Ақмола облысының әкімі:

 Жұмыс қарқыны жаман емес. Қазір қажетті құрылыс, қажет қаражат бәрі бөлінді. Адамдар істеп жатыр. Оны да 1 қазанға дейін бітірейін деп отырмыз. Ең басты мақсатымыз — сол зардап шеккендерді баспанамен қамту, екінші болашақта су тасқынының зардабын азайту мүмкіндігін жасайтын іс-шараларын жасап жатырмыз.

40 жыл тазартылмаған Жабай өзенінің арнасын кеңейтіп, тереңдету үшін арнайы жерсорғыш техника  іске қосылды. Осылайша тасқын салдарымен күреспей, оның алдын алмақ.

Иван Димов «Фортуна плюс» ЖШС директоры:

 Бұл техника су астындағы құм, қиыршық тас, лай, ағаш, қамыс бәрін сыртқа алып шыға алады. Содан кейін шығарылған заттарды құрылысқа пайдалануға болады. Сағатына 120-150 текше метр қалдық алып шығады. 

Бұл құрылғы күніне ұзындығы 120 метр, тереңдігі 8 метрге дейін өзен арнасын тазартады. Қара суық түсіп, жер тоңы қатқанша 9 шақырым жерді қамтитын көрінеді.

Мұхамедия Хамидуллин, Атбасар қаласының тұрғыны:

 Осы мына қондырғыны  күткенімізге 40 жыл болды. Жылда айтады, міне. Жылда біздің Атбасар 2004, 2007, 2014, 2017 жылы суға кетті. Енді бұдан былай осындай болған жағдайда біздің елімізде бәрі жақсы болар еді. Ешкім суға кетпес еді, ешкім зардап шекпес еді.

80 миллион теңге жұмсалған арнайы техника ойдағыдай жұмыс істеп тұрса,  Жабай қалай асып тасыса да, топан судан атбасарлықтар аман қалады деп сендірді өңір басшысы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде