{metadescription}
Теміржолшылар кәсіби мерекелерін атап өтпек
Теміржолшылар кәсіби мерекелерін атап өтпек

Теміржолшылар кәсіби мерекелерін атап өтпек

Тамыз айының бірінші жексенбісінде жүз 10 мыңнан астам қазақстандық теміржолшы кәсіби мерекесін атап өтеді. Айтулы күн қарсаңында еліміздің бас теміржол корпорациясы атқарған елеулі жұмыстарын қорытындылап, жетістіктерін атап, даму жоспарымен бөлісті.

Соңғы үш жылда "Қазақстан темір жолы" компаниясы өзінің өндірістік және қаржылық қызметінде ең жоғары тарихи жетістіктеріне қол жеткізіпті. Мәселен, пайдалану жүк айналымы едәуір артып, кіріс трлн теңгеге дейін өскен. Ал былтырғы пайда көлемі соңғы 10 жылдағы ең жақсы көрсеткіш. Жолаушылар вагон паркі де біршама жаңарған.

Жәнібек Тайжанов, "Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директоры:

2023 жылы және биыл «Жолаушылар тасымалы» АҚ вагон паркі отандық өндіруші шығарған 150 жаңа вагонмен толықтырылды.

2030 жылға дейін елімізге 700-ге жуық вагон жеткізілетін болады. "Қазақстан темір жолы" жаңа локомотивті көптеп сатып алып, транзит көлемін ұлғайтып, инфрақұрылымды белсенді дамытуда.

Ербол Түсіпов, "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС бас директорының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары:

Достық – Мойынты, Дарбаза – Мақтаарал, Бақты – Аягөз, Жетіген-Қазыбек бек темір жол желілерін салу бойынша ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Достық-Мойынты екінші жолы бойынша қозғалыс жыл соңына дейін ашылады деп жоспарлануда.

«Қазақстан темір жолы» мемлекет басшысының еліміздің көлік-транзит әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмасын сәтті орындап келеді.  Осы мақсатта корпорация шетелдік әріптестерімен бірлесіп көлік-логистикалық орталықтар мен әлемдік ірі компаниялармен бірге цифрлық жобаларды іске асыруда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.