{metadescription}
15 млн доллардың героині тәркіленді
15 млн доллардың героині тәркіленді

15 млн доллардың героині тәркіленді

15 млн доллардың героині тәркіленді. Бұл Қазақстан шекарасынан алып өтпек болған есірткінің ең ірі партиясы. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жасағы наркокурьерлерді Түркістан облысындағы Қонысбаев өткізу бекетінде қолға түсірген.

Ақ ұнтақты зат аяқ киім майлайтын құралдың құтыларына бөліп салынған екен. Өзбекстаннан кірген жүк көлігіндегі героиннің иісін шекарашының иті сезіп қойған. Тексерген кезде 775 келі таза героин табылды. Бұл Қазақстан шекарасында ұсталған рекордтық көлемдегі есірткі болып отыр. Қара нарықта тәркіленген партияның құны 15 миллион доллардан асады дейді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері. Қазір, шетелдік екі наркокурьер қамауға алынды. Сондай-ақ, мұнша героиннің қайдан алынғаны және қайда апармақшы болғаны анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде